Бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етіп, тарифтерді өсірмеуді тапсырды.
«Макроэкономикалық тұрақтылықтың кепілі инфляцияны 2016-2017 жылдары 6-8 пайыздық дәлізде ұстау. Айырбас бағамын еркіндікке жібере отырып, біз өндірушілеріміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз еттік. Өсім қарқыны қалпына келе бастады. Сонымен қатар, теңгені түзету инфляциялық процесстің күшеюіне әкеп соқты. Осыған байланысты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етіп, биыл табиғи монолполиялар қызметіне тарифтің өсуіне жол бермеу шараларын жүзеге асыруды тапсырамын»,- деді Мемлекет басшысы.
Бұл ретте Елбасы биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім түскенін айта келе, оны республика көлемінде оңтайлы бөлу, ауылдарда қамтамасыз ету мәселесін жүктеді.