Мемлекет басшысы барша қазақстандықтар атынан З.Ғабидуллинаны суға жүзу сайысында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады деп хабарлайды Ақорда.
«Сен ел тарихында Паралимпиада ойындарындағы тұңғыш медальға қол жеткізіп, халқымыздың мерейін арттырып, зор қуанышқа бөледің. Халқың сені Қазақстанның атын әлемге әйгілі еткен мықты спортшы ретінде таниды. 100 метрге еркін стильмен жүзуден әлем рекордын жаңартып, алтын жүлдеге қол жеткізген бүгінгі жеңісің соны тағы бір дәлелдеді. Бұл жеңісің жылдар бойғы қажырлы еңбегіңнің жемісі деп білемін, – делінген жеделхатта.
Қазақстан Президенті спортшыға зор денсаулық тілеп, келешекте жаңа белестерді бағындыра беруіне ниеттестік білдірді.