Өзбекстан Президентін сайлау 4 желтоқсанға белгіленді, деп хабарлады Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау науқаны 2016 жылғы 9 қыркүйекте басталады.
«ӨР Конституциясының 96, 117-баптарына, сондай-ақ «ӨР Президентін сайлау туралы» Заңның 8-бабына, «ӨР Орталық сайлау комиссиясы туралы» заңның 5 және 9-баптарына сәйкес жексенбі, 2016 жылғы 4 желтоқсанды Президентті сайлау күні деп белгілеу жөнінде шешім қабылданды. Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясы сайлау бойынша науқанды осы жылғы 9 қыркүйектен бастайтыны жайлы хабарлады», - делінген ОСК хабарламасында.
Орталық сайлау комиссиясының отырысында Өзбекстан Республикасы Президентін сайлауға әзірлік және оны өткізу бойынша негізгі шаралар бағдарламасы бекітілді.