Өңірдегі өзекті міндеттер қарастырылған қабылдау
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесуде өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамыту, сондай-ақ өңірдің экономикасын одан әрі әртараптандыру перспективалары қарастырылды.
А.Көлгінов Мемлекет басшысын өңірдің әлеуметтік-экономикалық көр-
сеткіштері, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ, алдағы кезеңдегі өзекті міндеттер жөнінде хабардар етті.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Аймақтың даму келешегі талқыланды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесуде облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және таяу кезеңдегі даму перспективалары қарастырылды. Б.Бақауов Қазақстан Президентіне өңірдегі өнеркәсіптің өсу қарқыны, оның ішінде кен өндіру, металлургия және энергетика салаларындағы ахуал жөнінде баяндады.
Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл шаруашылығы жерлерін суаратын ирригациялық нысандарды одан әрі дамыту жөніндегі шаралар талқыланды.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Көңіл бөлуді қажет ететін бағыттар бар
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында бүгінде өңір дамуында ерекше көңіл бөлуді қажет етіп отырған бірқатар өзекті бағыттарды атап көрсетті.
Мәселен, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, өнеркәсіптік нысандарды дамыту және ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Н.Әбдібеков Мемлекет басшысына өңірді дамытудың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, өзекті мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ, алдағы кезеңдегі жоспарлары жөнінде мәлімдеді.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Тапсырмалардың орындалуын жалғастыруды тапсырды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, оның ішінде ауыл шаруашылығы, өңдеу саласы, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев облыстың инвестициялық тартымдылығын арттыру, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қолдау жөніндегі міндеттердің орындалуын жалғастыруды тапсырды.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
––––––––––––––––––
Суреттер Президенттің
баспасөз қызметінен алынды