• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
10 Қыркүйек, 2016

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ №73

224 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қаржы министрлігі 2016 жылғы 15 ақпан №73 Астана қаласы 2015 жылғы 28 желтоқсан №702 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ «Нотариустарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау ережелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 531 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 360 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйырамыз: 1. «Нотариустарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау ережелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы №531 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №360 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10000 тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбына мемлекеттік тілде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Нотариустарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы»; 1-тармаққа мемлекеттік тілде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «1. Қоса беріліп отырған Нотариустарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.»; Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Нотариустарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау ережелеріне қойылатын талаптарда: тақырыбына мемлекеттік тілде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Нотариустарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Талаптар мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою – Субъектілер терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйым немесе жеке тұлға не олардың пайдасына, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент не оның пайдасына ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту арқылы қабылданатын шаралар; 2) бенефициарлық меншік иесі – клиент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлға, сол сияқты клиентті өзгеше бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға не атынан операция (мәміле) жасалатын жеке тұлға; 3) қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпараттар нысаны – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында айқындалған нысан ( бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны); 4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – Субъектілерді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру процестеріне немесе өзге қылмыстық әрекетке қасақана немесе байқаусыз тарту мүмкіндігі; 5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінің мониторингі, оларды айқындау, сондай-ақ оларды төмендету бойынша Субъектілер қолданатын шаралар жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге қатысты); 6) клиент – ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-әрекеттерді жүргізу бойынша қызметтерді пайдаланатын жеке және заңды тұлға; 7) уәкілетті орган – Заңға сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шаралар қолданатын мемлекеттік орган.». 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «6. Субъектілер Ішкі бақылау қағидаларын (бұдан әрі – ІБҚ) ұйымдастыру және сақтау бойынша жауапты тұлғалар болып табылады. 7. Субъектілер ІБҚ әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау бойынша міндеттерді және оны жүзеге асыру бағдарламаларын орындамау үшін 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылықта болады.»; 11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою және клиентпен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту бойынша шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда және АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, клиентпен іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасаудан бас тарту тәртібі;»; 13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «13. Субъектілер жүктелген функцияларға сәйкес: 1) өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді; 2) АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді; 3) уәкілетті органға оның сұратуы бойынша АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттар береді. Субъект клиенттер мен өзге де адамдарға осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарламайды.»; 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «15. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің жоғары деңгейі: 1) мынадай: ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын; жемқорлық немесе өзге қылмыстық әрекеттері жоғары деңгейдегі; Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі – БҰҰ) салатын санкцияларға, эмбарго және сол сияқты шараларға ұшыраған; террористік (экстремистік) әрекеттерді қаржыландыратын немесе қолдау көрсететін және белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар мемлекеттен (аумақтан) келген клиенттердің іскерлік қатынастары мен мәмілелеріне. Осындай мемлекеттердің (аумақтардың) тізбелеріне БҰҰ және халықаралық ұйымдардың деректері бойынша сілтемелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады; мынадай жағдайларда клиентке: клиент шетелдiк жария лауазымды тұлға болып табылған; клиент жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылған; клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның мүддесіне (пайдасына) әрекет ететін тұлға болып табылған; клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның зайыбы, жақын туысы болып табылған; клиент (оның өкілі) не бенефициарлық меншік иесі не клиенттің операция бойынша контрагенті Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 тіркелген «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м. а. 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енген мемлекетте (аумақта) тіркелген немесе қызметін жүзеге асырған; клиент АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енген; клиент азаматтығы жоқ адам болып табылған; клиент Қазақстан Республикасында тіркелген немесе келген мекенжайы болмаған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған; клиент резидент емес болып табылған; клиент жарғылық капиталында мемлекеттік меншік үлесі бар ұйым болып табылған; мемлекеттік тіркеу кезінде клиенттің мәлімдеген орны оның басқару органының іс жүзіндегі қызмет орнымен сәйкес келмеген; клиентпен іскерлік қатынас (мысалы, Субъект пен клиенттің арасында түсініксіз географиялық арақашықтық бар) ерекше жағдайларда жүзеге асырылған; клиенттің қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты болған; Субъектілерде клиент берген мәліметтерді тексеру кезінде қиындықтар пайда болған; клиент нотариаттық әрекеттерді тездетуді талап еткен; клиент пайдаланылуы Субъектілердің әдеттегі тәжірибесінен айрықшаланатын стандартты емес немесе есеп айырысудың күрделі схемаларын жүргізуді талап еткен; клиент жаңа, сол сияқты қолда бар өнімдерге берудің жаңа тетіктерін, жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды қоса алғанда, жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені қолданған; клиент қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасаған; клиент коммерциялық емес ұйым болып табылған; клиенттің операциялары бұрын күдікті деп танылған; АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекеліне байланысты клиент туралы өзге ақпарат болған жағдайда; 3) операциялар: тараптардың іс жүзінде қатысуынсыз жүргізілетін; белгісіз немесе байланысты емес үшінші тұлғаның атынан немесе оның пайдасына жүргізілетін; қолма-қол есеп айырысуды қоса алғанда жасырын банк шоттарымен немесе жасырын, ойлап табылған есімдерді қолданумен байланысты; айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ; клиенттің оған тән емес жиілікпен не осы клиент үшін ерекше ірі сомаға жүргізілген; АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелі туралы ақпарат бар болған жағдайда беріледі. АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі берілген клиенттерге АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қолданылады. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің төмен деңгейі: 1) мынадай: ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) толық көлемде орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енбеген; жемқорлық немесе өзге қылмыстық әрекеттері төмен деңгейдегі мемлекеттен (аумақтан) келген жеке және заңды тұлғалардың іскерлік қатынастары мен мәмілелеріне; 2) клиентке егер клиент: қаржы мекемесі – қаржы мониторингі субъектісі болған және соңғы бір жылда АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы сақтамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылмаған жағдайда; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылғанда; Қор биржасында тіркелген ұйым болып табылғанда; 3) операциялар: мемлекеттік қызметшілердің мүлікті (коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды және өзге мүлікті, сонымен қатар жалдауға берілген мүлікті) сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша; мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты растауға байланысты беріледі. АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі берілген клиенттерге АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылады. 16. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы клиент жүзеге асырған операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қоса алғанда, клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді анықтау, бұрын алынғанды жаңарту бойынша іс-шараларды Субъектілердің жүргізуі болып табылады және: 1) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды сақтау; 2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру; 3) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде көзделгендей клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты олардың терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысының бары немесе жоғы; 4) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес клиенттiң шетелдiк жария лауазымды тұлғаға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексеру; 5) мыналарды: ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) не АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабы 4-тармағы 4) тармақшасына сәйкес көрсетілген мемлекетте (көрсетілген аумақта) тіркелген банктегі шоттарды пайдаланатын клиенттерді анықтау; Бұйрықпен бекітілген оффшорлық аймақтарда сәйкесінше тіркелген, тұратын жері және орналасқан жері бар клиенттерді анықтау; 6) болжамдалатын мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу рәсімдерін қамтиды. АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі бар клиент үшін болжамдалатын мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу кезінде қызмет түрі және жасалатын операциялардың қаржыландыру көзі туралы қосымша мәліметтер сұратылады. АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі бар клиент үшін болжамдалатын мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу клиент операциялары сипатының негізінде анықталады. 7) берілген тәуекел деңгейіне қарай клиентке тәуекелдерді басқару бағдарламасына сәйкес клиентті тиісінше тексеру бойынша шаралар қолдану; 8) клиент (оның өкілі) және бенефицарлық меншік туралы сәйкестендірілген мәліметтердің өзгеруіне қарай сәйкестендіру нәтижелері туралы алынған мәліметтерді жылына кемінде бір рет жаңарту рәсімдерін қамтиды; АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жарты жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады. АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту екі жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады. Клиентке іскерлік қатынастарды орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаудан бас тартылған жағдайда, АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою шаралары қолданған жағдайда Субъектілер уәкілетті органдарға ҚМ-1 нысаны бойынша осындай бас тарту фактісі жөнінде хабарлама жібереді. АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды АЖ/ТҚ мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда, Субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатады. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылса, Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін берген жағдайда жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау мақсатында клиенттің осы Субъектіде өткізген барлық операцияларын қосымша зерделейді және одан әрі тексеруді талап ететін операциялардың сипатын анықтайды. Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейін берген жағдайда клиенттің ағымдағы операциясын зерделейді.»; 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «22. АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10001 тіркелген «Қаржы мониторингі субъектілерін жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 533 бұйрығымен бекітілген жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.». 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Әділет министрі Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________ Б.ИМАШЕВ ______________ Б.СҰЛТАНОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 17 наурыз Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 13507 болып енгізілді.