• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2016

Оңтүстік Корея өкіметі Солтүстік Корея астанасын жойып жіберуге дайын отыр

460 рет
көрсетілді

  Оңтүстік Корея билігі Солтүстік Кореяның ядролық қару қолдануға дайындығын байқаған сәтте оның астанасы Пхеньянды жермен-жексен етіп жоқ қылу жоспарын әзірлеп қойды. Бұл туралы бірнеше шетелдік басылым Йонхап агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Ақпаратта Йонхаптың Оңтүстік Корея өкіметімен байланысы мықты екені айтылады. Оңтүстік Корея парламенті журналистерді «Кореяның жауап шарасы және жаппай жазалау» деп аталатын жоспармен таныстырған. «Солтүстік тарапынан ядролық қару қолдану белгісі байқалды, бітті –  Пхеньянның әрбір ауданы, оның ішінде Солтүстік Корея билігі жасырынған аймағы баллистикалық зымырандар және қуаты аса зор жарылғыш заттардың көмегімен толық жойылады» деген Йонхапқа үкіметтің бір мүшесі. Осы жұмада Солтүстік Корея өз тарихындағы ер ірі жерасты ядролық сынағын жасаған болатын. «Егемен-ақпарат»