• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2016

Астанада Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

343 рет
көрсетілді

Алматы облысының Астана қаласындағы күндері аясында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Шара «Қуатты өңір – Қуатты Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды. Аталған облыстың тауар өндірушілері мен дихандары Астанаға 340 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін  әкелді. Жәрмеңкеде 40-қа жуық өнім  түрі ұсынылды. Атап айтқанда, ет және ет өнімдері, балық, көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері, жұмыртқа мен бакалея өнімдері бар. Жәрмеңкедегі саудаланған тауарлар базар бағасынан 15-20 пайызға төмен. Сонымен қатар, алматылықтардың кітап пен сәндік-қолданбалы өнер көрмелері Астана тұрғындарының назарына тартылды. Талғат РАЙЫМБЕК Фото: Орынбай БАЛМҰРАТ