Қазақстан пауэрлифтингішісі Раушан Қойшыбаева Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Паралимпиялық ойындарда күміс медальды жеңіп алды. Жерлесіміз оған 67 килоға дейінгілер арасындағы таласта қол жеткізді.
Сайыста біздің атлет 113 кило салмақ көтерді. Ал алтын медальды 135 кило салмақпен әлем рекордын жаңартқан қытайлық Тан Юяо алып кетті. Үшінші орынға египеттік қыз Амал Махмуд көтерілді.
Раушан Қойшыбаева – 1966 жылы Алматы облысында туған. Ол 1990 жылы жарақат алып қалу нәтижесінде екі аяғын тізесінен төмен кестірген. Пауэрлифтингпен 2010 жылдан бері айналысып келеді. 2012 жылы «Спорт шебері», 2013 жылы «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атақтарын алған. Тұрмыс құрған. Үш бала тәрбиелеп-өсіріп отыр.
Осылайша Паралимпиялық ойындарда Қазақстан қоржынына екінші күміс медаль түсті. Мұның алдында 100 метрге еркін жүзуде тараздық Зүлфия Ғабидуллина жеңіп алған болатын.
Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс медальмен командалық есепте 38-орында тұр. Ал топтың басында 39 алтын, 30 күміс және 23 қола медаль жинаған Қытай спортшылары келеді.