• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №428 

248 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 17 мамыр,Астана қаласы Күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №90 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10421 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №1126 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12537 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ.Ержанов): 1) бір апта мерзімінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді; 2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол койылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________Қ.Бишімбаев 2016 жылғы 10 маусым