2016 жылғы 28 қаңтар, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша, салық салу объектілерінің құнын айқындау бойынша өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 108 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10419 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 сәуірдеҚазақстан Республикасыныңнормативтік құқықтық актілері «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын өндіретін және (немесе) жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 192 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11190 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК-не Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін жіберуді;
2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.ИМАШЕВ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
министрі _______________ Е.ДОСАЕВ
2016 жылғы « » ________