• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2016

Рио Олимпиадасында допинг қабылдағандар белгілі болды

247 рет
көрсетілді

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) дерекқорын бұзып кірген Fancy Bear хакерлер тобы Рио Олимпиадасында допинг сынамаларынан тыйым салынған заттар табылған спортшылардың тізімін көпшілікке жария етті. Хакерлер тобы бұл тізімді бүгін өз сайттарында жариялаған. Тізімде Олимпия ойындарында 52 келі салмақта күміс жүлде алған ресейлік боксшы Миша Алоян бар. Интернет желісінде жарияланған құжаттарға сәйкес, 21 тамызда тапсырылған оның допинг сынамасында туаминогептан анықталған. Ол – S6 санатына жататын тыйым салынған препарат. Ресей боксшысынан бөлек, тізімде келесі спортшылардың аты аталған: Бетани Маттек-Сандс (АҚШ, теннис), Бриттни Гринер (АҚШ, баскетбол), Джон Конгер (АҚШ, жүзу), Дагмара Возняк (АҚШ, семсерлесу), Дианна Прайс (АҚШ, жеңіл атлетика), Кейтилин Бейкер (АҚШ, жүзу), Маккуин Бэйрон (АҚШ, жүзу), Мишель Картер (АҚШ, жеңіл атлетика), Сэм Дорман (АҚШ, суға секіру), Тервел Длагнев (АҚШ, күрес), Брэдли Уиггинс (Ұлыбритания, велоспорт), Чарли Халл (Ұлыбритания, гольф), Кристофер Фрум (Ұлыбритания, велоспорт), Хизер Фишер (Ұлыбритания, регби-7), Сэм Таунсенд (Ұлыбритания, академиялық есу), Пернила Блум (Дания, жүзу), Наталья Мадай (Польша, академиялық есу), Петра Квитова (Чехия, теннис), Роксана Когиану (Румыния, академиялық есу), Роберт Хартинг (Германия, жеңіл атлетика), Франциска Хентке (Германия, жүзу), Кристина Обергфелль (Германия, жеңіл атлетика), Кристиан фом Лен (Германия, жүзу), Кристиан Райхерт (Германия, су марафоны). Айта кетейік, 13 қыркүйек күні аталған хакерлер тобы Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің рұқсатымен тыйым салынған препараттарды қабылдаған спортшылардың тізімін жариялаған болатын. Олардың ақпарынша, америкалық теннисшілер Серена мен Винус Уильямстар, гимнастшы Симона Байлз, сондай-ақ баскетболшы Елена Делле Донн әр кездері допинг қабылдаған. Допингке қарсы агенттік дерекқорға шабуыл жасалғанын растады және оны ресейлік хакерлер ұйымдастырды дегенді алға тартуда. Кейінірек Америкалық допингке қарсы агенттік (USADA) спортшылардың тыйым салынған заттарды терапиялық мақсатта қабылдағандарын мәлімдеді. Айдар ӨРІСБАЕВ