• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2016

Татарстанда әлемдік мәдени мұра құндылықтары талқылануда

475 рет
көрсетілді

Татарстан Республикасының астанасы «Тұрақты даму императиві ретінде адамзатты қорғау» тақырыбында Халықаралық форум өтіп жатыр. Бүгін өткен алғашқы арнайы сарапшылар отырысына Татарстанның Президенті Рустам Минниханов,  Татарстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиев, ЮНЕСКО-ның мәдени мұраны қорғау бөлімінің жетекшісі Ян Хладик пен Жібек жолы халықаралық сауда палатасының Бас хатшысы Ли Чонганг пен гуманитарлық қауіпсіздік саласындағы танымал сарапшылар қатысып, баяндамалар жасады. ЮНЕСКО Бас директоры И.Бокованың қолдауымен ұйымдастырылған Форумда мәдени мұра нысандарының дүниежүзілік ортақ құндылықтары мен гуманитарлық қауіпсіздік түсінігін анықтау және оны қамтамасыз ету мәселелері талқылануда.  Әзербайжан, Қазақстан, Молдова, Перу және Ресейдің көрнекті ғалымдары мен сарапшылары қатысып жатқан ғылыми жиын ертең, 16 қыркүйекте арнайы құжатпен қорытындыланады.