• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қыркүйек, 2016

«Барыстың» бабы келмей тұр

266 рет
көрсетілді

Астананың «Барыс» хоккей командасы 14 қыркүйек күні Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатының Екатеринбургте жергілікті «Автомобилиспен» өткен ойынында буллит сериясы бойынша ұтылып қалды. Кездесу 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Матчтағы бірінші шайба 14-ми­­нутта соғылды. Бұл кезде бір ар­­тық ойыншысы бол­ғанын жақсы пай­далана білген «Автомобилист» алға шықты. Голды чех шабуылшысы Петр Коукал өз есебіне жазды. Ека­терин­бургтіктер 32-минутта Никола Тимашевтің күш салуымен есепті ұлғайтты. Ал үшінші кезеңде айдындағы ахуал күрт өзгерді. «Барыс» ойыншылары 10 минуттың ішінде екі шайба салып, таразы басын теңестіріп кетті. Алдымен 41-минутта команда капитаны Брэндон Боченски мер­гендік танытса, 51-минутта Илья Лобанов көзге түсті. Есеп – 2:2! Овертаймда да осы есеп өзгермеді. Сосын буллиттер сериясына кезек келді. Онда Роман Старченко мен Илья Лобанов өз мүмкіндіктерін босқа жіберді. Ал алаң иелері сапынан Петр Коукал жеңіс шайбасын соқты. Осымен «Барыс» биылғы маусым басталғалы өткізген 6 ойынының 5-інде жеңіліс тауып отыр. Ол енді алдағы 3 матчын Астанада өткізеді.   Дамир ҚОЖАМҚҰЛ