• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
16 Қыркүйек, 2016

Төрт паралимпиадашы сенсация жасады

252 рет
көрсетілді

Рио-де-Жанейрода өтіп жат­қан Паралимпиялық ойын­дарда бұдан бір ай бұрын Олим­пиада жүлдегерлері атанған­дар көрсеткіштерінен де артық нәтижеге жетіп, сенсация жаса­ған спортшылар шықты. Атап айтқанда, 1 500 метрге жүгірген 4 бір­дей паралимпиадашы Ойын­дарда осы қашықтықта чемпион болған 26 жастағы америкалық Мэттью Центровицке алтын медаль алып берген уақыттан да жылдам жүгіріп өтті. Олимпиадада бәсеке­лес­терінің бәрінен десі басым болу үшін Мэттьюге 3:50,00 минут жетіп жатыр еді. Ал арада ай өткен соң сол қашықтықта алғашқы 4 орынды алған паралимпиадашы жігіттердің бәрі де бұдан озық нәтиже көрсетті. Айталық, Паралимпиаданың алтын медалін жеңіп алған ал­жир­лік Абделлатиф Бака бұл межені 3:48,29 минутта бағындырды. Оның соңындағы эфиопиялық Тамиру Демиссе 3:48,49 минут көрсеткішімен – күміс, кения­лық Генри Кирва 3:49,59 минут көрсеткішімен қола медальдарға қол жеткізсе, алжирлік Фуад Бака 3:49,59 минутпен жүл­десіз қалды. Байқап отырған бол­са­ңыз­дар, мұның өзі Риода топ жарған Центровицті артта қал­дырып кетеді! Айтқандай, Олимпиадада осы қашықтықта күміс медаль жеңіп алған да Алжирдің Махлуфи Тауфик есімді атлеті еді. Ол бұған 3:50,11 минут нәтижесімен жетті. Рас, Центровицтің жеке үздік көр­сеткіші бұлардың бәрінен әл­де­қайда жоғары – 3:30.40 минут. Дегенмен, фактінің аты факт. Олардың сол жолы мүмкін­дігі шектеулі спортшылардан қалып қойғандары шындық.   Руслан ИГІЛІК