• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
16 Қыркүйек, 2016

Жеңіске құштар жастар құрамасы

300 рет
көрсетілді

Бокстан Қазақстанның жастар құрама командасы Германияның Одердегі Франкфурт қаласында өткен дәстүрлі Бранденбург кубогы турнирінен 4 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль алып келді. Боксшылардың осы жеңісіне байланысты құраманың бас жаттықтырушысы Ғалым Кенжебаев Германияда кезекті рет өткен турнир туралы әңгімелеп берді. – Турнирдің өту деңгейі қалай болды? – Биылғы турнир өте жақсы ө­т­ті. Оған қатысушы елдер ең мықты де­­ген боксшыларын әкелді. Біздің ел­­ден осы додаға 9 спортшы қаты­сып, соның төртеуі жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, 49 килодағы Рустам Хамидов, 52 кило салмақ­тағы Айдос Арапов, 75 килодағы Бек Нұрмағамбет және 81 кило­ға дейін­гі салмақтағы Бекзат Нұр­дәу­летов жеңімпаз атанды. Жалпы­­­командалық есепте Қазақ­стан командасы екінші орын алды. Бірін­ші орынды бес алтын жүл­де­мен Ресей боксшылары иеленсе, үшін­­ші орынға бір алтын медаль же­ңіп алған Германия құрамасы көтерілді. Бұрын боксы жақсы дамыған елдер басқаларын қалпақпен ұрып аламын деп келетін. Ал қазір жағдай мүлдем басқаша. Тур­нир­де бәсекелестер көп болды. Со­ның ішінде солтүстік көрші­міз ту­ралы айтқым келеді. Ресей­дің жас­тар құрамасы қандай турнирге, жарысқа болсын жақсы дайындықпен баратындарын тағы бір рет байқатты. Биыл қараша айын­­да Санкт-Петербургте жас­тар ара­сында әлем чемпионаты өтеді. Ре­сей осы додаға шындап кіріс­кен сияқты. Біздің команда да осы чем­пионатқа дайындықты бас­тап кетті. Қазір құрамада құрмет тұғы­ры­на көтерілуге асығып жүрген бокс­шылар баршылық. Жалпы, әлем бойынша жыл сайын талантты, талапты жастар көбейіп жатыр. Бұл бокс сияқты спорт түрлерінің жылдам дамып келе жатқанын көрсетеді. Қазір әлемде спорттың осы түрін ұлттық спортқа айналдырған елдер көп. Сол үшін біз Бранденбург кубогы тур­нирінде әлем чемпионатына қаты­сатын командаларды зерттеп көр­дік. Ал жаһандық жарыста біз­дің бас­ты қарсыласымыз Ресей мен Кубан­­ың құрамалары болады. Биыл­­ғы сында кубалықтар болған жоқ. Бі­рақ біз оларды Ресейдің Ана­­па қа­­ласында өткен турнирде көр­генбіз. – Құрама жиі өзгеріп тұра ма? – Иә, жиі өзгереді. Команданың резерві тағы бар. Жаңа айтқаным­дай, біздің елде бокс жақсы дамып келеді. Бокс федерациясы жастар боксын дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктердің бәрін жасап отыр. Спорттың осы түріне елімізде үлкен мән беріледі. Елімізде бокс орталықтары, спорт кешендері бар. Олар көбейе береді. Спорт кешендерінің көбейгені жастарға жақсы. Қазір өз басым көшеде бос жүрмей, спорт алаңдарына баратын жастардың талайын көріп жүрмін. Менің ойымша, Данияр Елеусіновтің алтын медалі, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит, Иван Дычко мен Дариға Шәкімованың жүл­делері жастарға жақсы әсер етуде. Бір өкініштісі, біздің елде ауыр сал­­­мақ­тағы жастар аз. Осы жағы проб­­лема болып тұр. Сондықтан ауыл­­дарға барып, ел-елді аралап, ауыр салмақтағы жастарды іздеуіміз керек. – Команда әлем чемпионаты­нан басқа тағы қандай жарыс­тар­ға қатысады? Жалпы, алда­ғы жоспары қандай? – Ук­раи­­­на­да ағайынды Кличко­лар­дың турнирі өтеді. Соған бокс­шыларды та­ғы іріктейміз. Оған кімнің бараты­нын шешеміз. Жеңіл салмақта бас­қа боксшылар баратын шығар. Біз­де жеңіл салмақта бәсеке күшті. Шар­шы алаңның шаңын қағып, өзін көр­сеткісі келетін жастар көп. Олар жас болған соң, жеңіске деген жігері, ұмтылысы бар. Ал Бранденбург кубогы турниріне қатысқан 75 және 81 килоға дейінгі салмақтағы бокс­шылар сол күйінде қалады. Содан кейін қазан айында Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының академия­сында өтетін жиынға қатысамыз. Ал қарашада әлем чемпионатына соңғы дайындықты жүргіземіз. Чемпионат 14-26 қараша күндері өтеді. Әңгімелескен Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан» АСТАНА