• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қыркүйек, 2016

Қазақстандағы жобаларды инвестициялауға ынталы

272 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов елімізге алғаш рет келген Гонконгтың қаржы жөніндегі хатшысы (қаржы министрі) Джон Цангпен кездесті. Кездесу барысында Е.Ыдырысов Қа­зақ­станның негізгі сыртқы саяси басымдықтары мен елімізде инвес­ти­циялық климатты жақсарту және арнайы экономикалық аймақтар құру үшін қолданылып жатқан шаралар туралы айтып берді. Ол Қазақстан Гон­конгтың қаржы индустриясындағы тәжі­рибесін зерделеуге мүдделі екенін атап өтті. Сұхбаттасушылар «Ас­тана» халықаралық қаржы орталығы қызметкерлерінің Гонконг қаржы мекемелерінде арнайы тренингтерден өту мүмкіндігін де талқылады. Джон Цанг өз кезегінде Гонконгтың іскер топтары Қазақстандағы сауда, ло­гис­тика және қызмет көрсету сала­лар­ын­д­ағы инновациялық жобаларды қар­жыландыруға дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, тараптар Қазақ­стан мен Гонконг арасындағы инвести­ция­ларды өзара қорғау және көтермелеу, қосарланған салық салуды болдыр­мау, сондай-ақ салааралық және ведом­ство­аралық екіжақты құжаттарды қабылдау мәселелерін қарастырды. «Егемен-ақпарат»