• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2016

Нұрділдә Ораз Бас прокуратураның аппарат басшысының орынбасары болып тағайындалды

933 рет
көрсетілді

Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеп ҚазАқпарат хабарлады. Нұрділдә Серікұлы 1981 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ҚР ІІМ Қарағанды академиясын бітірген. Еңбек жолын Алматыдағы «ЮСА» телеарнасының тілшісі болып бастаған. "31 арна" телеарнасы «Информбюро» жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі,  «Астана» телеарнасының редактор-жүргізушісі, репортер-сарапшысы, «Қазақстан» ұлттық арнасының жаңалықтар жүргізушісі, «Апта.kz» бағдарламасының жүргізуші-редакторы болған. 2007 жылы ішкі істер органына ауысып, Астана қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы, мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы, департамент бастығының баспасөз хатшысы  қызметтерін атқарды.  2011-2015 жылдары - ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры,  министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі. 2015 жылдан «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алуда. Біз әріптесіміздің жаңа қызметінде табысты болуына тілектестігімізді білдіреміз!