Облыстық бейнелеу өнері мұражайында ХІХ ғасыр жиһаздары мен кемелеріне арналған «Ыстық ұя» және «Теңіз кезбелері» көрмелері арасында қымбат жәдігерлер жинаумен көптен бері айналысып келе жатқан Лидия Члектің дүниелерін тамашалаушылар қатары көп болды. Оның сөзіне қарағанда, ескі мүліктер әжесінен қалған көрінеді. Ағаш жақтауға салынған айна, орындықтар, сағаттар, басқа да тұрмыстық заттар көненің көзіндей жылы ұшырайды. Әрқайсының шертер өз сыры, тарихы бар. Мәселен, орындықтардың бірін әжесі 1892 жылы өз тойына сыйлық ретінде алған. Содан бері осы әулеттің алты ұрпағына қызмет көрсетіп келеді. Сол қалпы сақтаулы десе де болады.
– Бар байлығым – атадан балаға мұра болып қалған осы жәдігерлер. Көздің қарашығындай сақтап келе жатқаным да сондықтан. Жастар жағын осы жағын қадірлеп өссе, отбасы құндылығын түсінер еді. Біз сияқты аға буынның жақсы қасиеттерін бойларына сіңіре білсе, еш артықтық етпейді, – дейді Лидия Члек.
Гүлбике КУБЕНОВА
Солтүстік Қазақстан облысы
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ