• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2016

Комиссияның кеңейтілген отырысы

189 рет
көрсетілді

Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның азаматтардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне Конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған кеңейтілген отырысы болып өтті. Жиналғандар алдында «Атамекен» Ұлттық кәсіп­кер­лер палатасы басқарма төр­ағасының орынбасары Рустам Жүрсінов баяндама жасады. Талқылауға ұлттық және халықаралық сарапшылар, Кәсіпкерлер құқықтарын қор­ғау жөніндегі уәкіл, мемле­кет­­тік органдардың, үкімет­т­ік емес құ­қық қорғау ұйым­да­ры­ның бас­шылары, бизнес өкіл­­дері, су­дьялар, заңгер ғалым­дар, та­нымал адвокаттар қатысты. Комиссия мүшелері биз­нес­ті дамытудың негізгі ба­сым­дықтары мен қағидат­тарын Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыс­пен қамтудың жол картасы» бағдарламалық құжаттарында айқындап бергенін және жариялағанын атап көрсетті. Отырысқа қатысушылар мем­лекет тарапынан да, кә­сіп­керлер тарапынан да өзара іс-қимылдың барынша проб­лемалық мәселелерін реттеу­ге, кәсіпкерлік еркіндігінің заң­­на­малық кепілдіктерін да­мы­туға, рейдерлік пен сы­бай­лас жемқорлық құбылыс­тарын еңсеруге деген бірың­ғай мүдделіліктің бар екенін алға тартты. Сөз сөйлегендер бұқа­ра­­лық кәсіпкерлікті ынта­лан­дыру мен халықтың жұ­мыс­­­пен қам­тылуын қамта­масыз ету ту­ралы мәселенің өзек­тілігін атап өтті. Комис­сияның отырысында әзірленген ұсынымдар Мем­­лекет басшысының, Қа­зақ­­стан Республикасы Үкіме­ті мен Парламентінің назарына жет­кізілетін болады. «Егемен-ақпарат»