Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Қазақстан құрамасы Испания командасынан 2:5 есебімен ұтылып қалды деп хабарлайды Егемен-ақпарат.
Ойынның 3-ші минутында алғашқы голды испаниялық Серхио Лосано Мартинис салды. Мұнан соң шабуылға көшкен Қазақстан құрамасы араға 2 минут салып есепті теңестіріп кетті. Гол авторы – Шыңғыс Есенаманов.
Екінші тайм басталысымен испандықтар нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, таблодағы есепті 2:1 жеткізді. Дегемнен, Қазақстан командасы тағы бір гол салып, таразы басын теңестірді.
Осылайша, қос құрама алма-кезек шабуылдар ұйымдастырып, әдемі ойын көрсетті. Алайда, тәжірибесі басым испаниялықтар бұл турда біздің команданы ұтып, 1/4 финалына шықты.
Егемен-ақпарат