• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
23 Қыркүйек, 2016

Гаагадағы галерея

250 рет
көрсетілді

Қазақстанның Нидерландтағы елшілігінің ұйымдастыруымен Гаага қаласының әкімшілігінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан – Ұлы Дала елі» фотосуреттер көрмесі ашылды. Елуден астам арнайы фотожи­нақта Қазақстанның қазіргі за­манғы өмірі мен мәдениеті, Ұлы Даланың табиғи байлығы, ежелгі тарихи ескерткіштері мен XXI ғасыр­дағы сәулет өнері ұсынылған. Елорданың бірегей архитектурасы – Бәйтерек монументі, Астана Опера ғимараты, Әзірет Сұлтан мешіті мен Бейбітшілік және келісім сарайы, т.б. нысандар ерекше қызығушылық туғызды. Көрмеге Қазақстанның тәуел­сіз 25 жылдағы ең маңызды же­тістіктерінің бірі – бейбітшілік пен ұлтаралық келісімін көрсететін фотосуреттер қойылған. Олар Қазақ­станның өсіп-өркендеген ел, ортақ идеяны ұлықтаған көп ұлтты халық екенін паш етеді. Жалпы, «Қазақстан – Ұлы Дала елі» фото­көрмесі Гаага өміріндегі елеулі мәдени оқиға ретінде көрініс берсе, оны күн сайын мыңнан астам тұрғын мен қала қонақтары тамашалауда. «Егемен-ақпарат»