• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
23 Қыркүйек, 2016

«Өркен» білім беру гранты туралы Жарлыққа өзгерістер енді

786 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы №724 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы қаулы етемін: «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы №724 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру гранты тағайындалсын.»; 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекітсін;». Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 қыркүйек  №340