Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ташкент тас жолында көлік апатынан 4 адам қаз тапты.
Оқыс оқиға Ташкент – Алматы – Термез тас жолындағы Қаратас ауылы маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, Mercedes-Benz автокөлігі жоғары жылдамдықпен келе жатып жолдың шетіндегі шәйхана алдында тұрған «Газель» көлігін соққан.
Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, апат салдарынан 1993 және 1997 жылғы екі қыз бен 1993 жылғы жігіт оқиға орнында қаза тапты, ал 1991 жылғы жүргізуші ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырған. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша алдын-ала тергеу жұмыстары басталды.
«Отырар» телеарнасының хабарлауынша, жеңіл автокөліктің рөлінде сол күні үйленейін деп жатқан жігіт болған және ол бір жастармен бірге өз тойына бара жатқан. Көліктің ішінде оның жолдасы мен екі қарындасы болған. Жігіттің қалыңдығы басқа машинада отырған, ол зардап шеккен жоқ.
Егемен-ақпарат