• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Қыркүйек, 2016

Керекуден келген көш елордаға ат басын тіреді

275 рет
көрсетілді

Әр аптаның соңғы күндері Астана­ның мәдени тыныс-тіршілігін бір серпілтіп тастап жүрген аймақтардың елордадағы күндері жалғасын табуда. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы берекелі һәм мерекелі шараны өткізу кезегі Павлодар облысына келіп тұр екен. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Қасеновтің қатысуымен брифинг өтті. Бауыржан Қасенов облыста атқарылып жатқан сан-салалы жұмыстардың барысына шолу жасап, қол жеткізген жетіс­тіктер барысын баяндап берді. Әсі­ресе, агроөнеркәсіп саласына көбірек тоқталды. Жалпы, республика бойынша ішкі жалпы өнімнің 4,8 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі болса, Кереку өңіріндегі бұл көрсеткіш 4,9 пайыздан асып түседі екен. Әсіресе, мал шаруашылығының үлесі басым. Ауыл шаруашылығы саласына өнім­ділігі жоғары технологияларды енгізу, заманауи жабдықтар алу, жиналған өнімді сақтау мен қайта өңдеу сынды жұмыстар жүйелі түрде жолға қойылған.  Жаңа мал бордақылайтын алаңдар ашылып, алынған өнімдерді өңдейтін жаңа цехтар ашу, бұрыннан бар цехтардың жабдықтарын жаңарту жүргізілуде. – Биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 10 миллиард теңгеден астам инвестиция салынды. 310 жұмыс орны ашылып, 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Инвестицияның артуына мемлекеттік қолдаудың жаңа түрі – инвестициялық субсидиялау ықпал етіп жатыр, – деді Бауыржан Қасенов. Күзгі өнім жинау науқанын да облыс оң көрсеткіштермен қорытындылайтын түрі бар. Биыл 800 мың тоннадан астам астық, 140 мың тонна майлы дақылдар, 400 мың тоннадан астам картоп, 240 мың тонна көкөніс, бақша дақылдары жиналмақ. Жиналған астықты сақтау мен өңдеу де қарастырылған. Облыстағы жалпы сыйымдылығы 1 164 мың тоннаға тең элеватор, астық қабылдау пункттері қажеттілікті толығымен өтеуге тиіс. 23-25 қыркүйекте «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясының аясында «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алдында өте­тін жәрмеңкеге павлодарлық тауар өндіру­шілер 700 тоннадан астам өнім әкеліпті. Оның 90 тоннадан астамы ет пен ет өнімдері, 300 тоннасы картоп, 140 тоннасы көкөніс, 150 тоннасы басқа да азық-түліктер екен. «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алдындағы алаңда өтетін жәрмеңкеде халыққа азық-түлікпен қатар, түрлі дайын тағамдар да сатылмақ. Облыстық филармония әртістері өнерлерін ортаға салып, шараның көрігін қыздырады, спорттық шаралар өтеді. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»