• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2016

Келешекте бухгалтерлер қажетсіз болуы мүмкін

466 рет
көрсетілді

Бухгалтер мамандығы біртіндеп рыноктан кетеді. Ресей қаржы министрінің орынбасары Татьяна Нестеренко осындай болжам жасады. Оның сөзін Ресей ақпарат құралдары келтіреді. «Қазіргі қалпындағы бухгалтер мамандығы рыноктан кететін болады. Ол мамандықты технологиялар ауыстырады» деді Нестеренко. Оның айтуынша, қағаз құжаттардан толықтай бас тарту керек. Ал электронды жүйе жасаған кезде бұл құжаттарға клавиатурадан өзгерістер енгізу мүмкіндігі барынша шектелуі тиіс.