• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2016

"Нұр Отанның" стратегиялық зерттеулер орталығы ашылды

327 рет
көрсетілді

Кеше «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығын жұртшылыққа таныстыру рәсімі өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған орталық партия қызметтеріне талдау жасауды қамтамасыз етеді. Орталықтық ашылу салтанатында партия Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед: «2016 жылдың 6 мамырында өткен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев жетекші саяси күш ретінде партияның идеялар генераторы болуы керектігін, ол үшін өзіндік мықты талдау орталығын құру қажеттігін атап өтті. Бүгінде біздер Елбасымыздың тапсырмасын сәтті жүзеге асырдық деп мақтанышпен айта аламыз», – деді. Сонымен қатар, ол: «Бел­гілі «ой фабрикаларын» жүзе­ге асырудың әлемдік тәжіри­бесін жан-жақты зерттеу негі­зінде бүгін жаңа орталық өз жұ­мысын бастайды. Осыған орай, біз әлемнің дамыған елдер­ін­дегі ең жетекші партия­лардың аналитикалық құрылым­дары­ның жұмысын саралай келіп, сіздердің назарларыңызға жа­ңа орталықтың ашылғанын қуа­нышпен хабарлаймыз. Бұл орта­лық Елбасымыз ұсынған қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси, стратегиялық бағытын жү­зеге асыруды талдамалық жа­ғынан қамтамасыз ететін болады», – деді. Орталықты әлеуметтік ғы­лымдар кандидаты Юлия Ку­чинская басқарады. Ашылу сал­танатында ол әлемде осы­ған ұқсас 6500-ден астам тал­дау алаңы бар екенін атап өтті. «Өздерінің стратегияларын жасап, әлеуметтік-экономикалық іс-әрекеттерін жетілдіруде, сондай-ақ, саяси шешімдер қабылдауда сая­си партиялар талдау материал­дары мен зерттеу топтарының болжамдарына сүйенеді. Енді бізде де АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қы­тай, Жапония және Еуропалық одақ­тың жетекші саяси партиялары секілді өзіндік «ой фабрикамыз» бар», – деді Юлия Кучинская. Стратегиялық зерттеулер ор­та­­лығының басым бағыттары: жа­­һандық үдерістегі Қазақстан, жаңа шынайылықтағы ақылды эко­но­мика, ақпараттық қауіпсіздік, мемле­кеттік және саяси бағдарла­ма­лар­дың нәтижелілігін бақылау, пар­тиялық жүйенің дамуы, қо­ғамдық пікірге бақылау және бол­жау жасау. Қазірдің өзінде орталықта 30 талдаушы мен сарапшы жұмыс істейді. Олардың арасында ғылым докторлары мен кандидаттары, PhD докторанттары мен магистранттары, «Болашақ» бағдарламасы мен Назарбаев Университеттің түлек­тері бар. Сарапшылық қауым­дас­тықпен бірлескен жұмыс шең­берінде орталық «Sarap Time» пікірсайыс және КИПР талдау клуб­тарымен өзара қарым-қатынас жасайды. Орталық жанында «Зер­де» сараптама клубы бар. Бұл – елі­міз­дің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына қатысты өзек­ті сұрақтар бойынша ғалымдар мен сарапшылардың пікір-талас алаңы болып табылады. Шетел маман­дарының тәжірибелерін тарту үшін орталық жанында халық­аралық сараптамалық кеңес құры­л­ған. Кеңес құрамына ірі сарап­тамалық «ой трестері» мен әлем университеттерінің, атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланд, Ресей, Израиль, Сингапур, Жапо­ния және Оңтүстік Кореядан өкіл­дер кірген. Әлисұлтан Құланбай, «Егемен Қазақстан»