• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2016

Ұлттық брендтер байқауы бойынша бірнеше эскиз жарияланды

479 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқаудың Ұйымдастыру комитеті өтінімдер қабылдауды 2017 жылдың 15 қазанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев фейсбуктегі парақшасында хабарлады. – Байқауға қазіргі күнге дейін 260 жұмыс келіп түсті. Бұл жұмыстарға қарап, ел даңқын асқақтатуға деген құштарлықты көруге болады. Дегенмен, соңғы аптада министрліктің атына байқау мерзімін ұзарту жөнінде көптеген өтініш түсті. Олардың көпшілігі байқау туралы дер кезінде естіп үлгермегенін алға тартуда. Осы орайда біз көпшіліктің ұсыныс-тілегін ескергенді жөн көріп отырмыз, — деді Д.Абаев. Сондай-ақ, министр өз парақшасында әлі іріктеліп алынбаған, кездейсоқ таңдалған бірнеше жұмысты ел назарына ұсынды. Егемен-ақпарат