• RUB:
    4.99
  • USD:
    441.59
  • EUR:
    480.27
Басты сайтқа өту
28 Қыркүйек, 2016

Израильдің экс-президенті Шимон Перес қайтыс болды

249 рет
көрсетілді

Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перес 94 жасында қайтыс болды деп хабарлайды Егемен-ақпарат BBC News-ке сілтеме жасап. Қыркүйектің 13-і күні Шимон Перес миына қан құйылып Тель-Авив жанындағы бір госпитальге жеткізілген болатын. Сол кезден бері бұрынғы саясаткер комада жатқан еді. Шимон Перес Израиль мемлекетіндегі ең танымал саясаткерлердің бірі. Ол екі мәрте премьер-министр қызметінде болды. Одан басқа Израильдің Қорғаныс министрі, Қаржы министрі, Байланыс министрі, Сыртқы істер министрі, Ішкі істер министрі сияқты көптеген лауазымдар атқарды. Ал 2007-2014 жылдар аралығында Израильдің президенті болды. 1994 жылы елдің премьер-министрі Ицках Рабин және Палестинаның сол кездегі басшысы Ясир Арафатпен бірге Нобельдің Бейбітшілік сыйлығына ие болды.