• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Қазан, 2016

БҰҰ жаңа бас хатшысы болып португал саясаткері сайлануы мүмкін

231 рет
көрсетілді

  БҰҰ Бас хатшысы лауазымы үшін бәсекеде Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антониу Гутерреш негізгі фаворит болып отыр. ВВС хабарына қарағанда, сәрсенбі күні өткен дауыс беру кезінде Қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 ел өкілдерінің ешқайсысы Гутеррештің кандидатурасына қарсы болмаған. 13 адам қолдап, екеуі қалыс қалған. Қазанның 6-сы күні Қауіпсіздік кеңесі португалиялық саясаткерді БҰҰ Бас хатшысы қызметіне ұсынуы тиіс. Отырыс жабық түрде өтеді. Бас хатшы сайлануы үшін Гутерреш кеңеске мүше елдердің кемінде тоғызының дауысын иеленуі керек. Және вето құқығы бар елдердің ешбірінің қарсы дауысын алмауы қажет. Кандидатураны БҰҰ Бас ассамблеясы бекітеді.   Егемен-ақпарат