• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Қазан, 2016

Жасөспірімдердің жаһандық жарысы

322 рет
көрсетілді

өз қатарындағы мықтыларды анықтады Ресейдің Ханты-Манси (Югра) автономиялы округінде бұрнағы күні мәреге жеткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты ең соңғы турға дейін барынша тартысты өтті. Мұнда тек 14 жасқа дейінгі ұлдар бәсекесінде үшінші раунд­тан топ бастаған ресейлік Семен Ломасов қана позициясын сақ­тап қала алды. Келесі ресейлік Андрей Есипенко күміс медальға қол жеткізді. Үшінші орынға кейінгі турларда сәтті ойнаған өзбекстандық Нодирбек Якуббоев көтерілді. Ал біздің ұландардан ең жоғары нәтиже көрсеткен Рамазан Жалмаханов 20-орынға тұрақ­та­ды. Келесі өкіліміз Руслан Сәлімов чемпионатты 40-шы болып аяқтады. Осы жастағы қыздардың са­йысында рейтингіде 12-ші болып тұрған қытайлық Жинер Чжу топ жарды. Ол төртінші турдан бастап топ басына таласқанымен, тур­нирдің соңына дейін сол орынды сақтап қала алатыны күмәнді болды. Дегенмен, бірінші орынды ешкімге бере қоймады. Бұдан кейін ресейлік Александра Мальцевская – күміс, АҚШ өкілі Анне Ванг қола медальдар иеленді. Бұл ортадағы біздің Әсел Серікбай – 22-ші, ал Сақыпжамал Бармағамбетова 32-ші орындарға орналасты. 16 жасқа дейінгі ер балалар тобында армян Хаик Мартиросян чемпиондық алқа тақты. Екінші орынға ресейлік Олександр Тряпишко, үшінші сатыға вьет­намдық Тханг Трон Мингх орна­лас­ты. Барлық категориядағы қазақ­­стандықтар арасынан үздік шық­қан осы шоғырдағы Жандос Ағманов 11-орынға табан тіреді. Бұдан әрі Денис Махнев – 22-ші, Дастан Тұрар – 25-ші, Тимур Нұржанов 37-ші орындарға жай­ғасты. Осы жастағы қыздар жары­сында алғашқы үш орынды үнді­стандық Аканкша Хагаване, иран­дық Мобине Алинасаб және ресей­лік Полина Шувалова бөлісті. Біздің қыздардан Алиса Қозыбаева – 41-ші, Арнаш Бауыржан 46-шы болды. Жастары 18-ге дейінгілердің арасында армян Манвел Петросян, ресейлік Максим Вавулин, иран­дық Шахин Лорпаризангене жүл­дегерлер шоғырын құрады. Ал қазақстандықтар Арыстанбек Оразаев – 31-ші, Жанат Сайын – 40-шы, Айрат Сәдубаев 61-ші орыннан табылды. Осы деңгейдегі қыздар тобындағы жалғыз өкілі­міз Диляра Албекованың алған асуы да мықты бола қоймады. Ол мәре­ге 41-ші болып жетті. Жүл­дегер­лер тұғырына грек Ставроула Цолакидоу, ресейлік Алек­сандра Оболенцева және израиль­дік Мичел Лахав көтерілді. Серік Пірназар, «Егемен Қазақстан»