• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №64

527 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 22 қаңтар,  Астана қаласы «Шетелге, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Бұйырамын: 1. «Шетелге, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.СӘРІНЖІПОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы ____________ Ж. Қасымбек 2016 жылғы 28 қаңтар «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ____________Е. Досаев 2016 жылғы 29 қаңтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №64 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына 1-қосымша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 3) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап: көрсетілетін қызметті берушіге - 1 (бір) жұмыс күні; Мемлекеттік корпорацияға - 2 (екі) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); порталға өтініш берген кезде - 2 (екі) жұмыс күні ішінде; 2) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияда құжаттар тапсыру кезінде кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут. Құжаттарды қабылдау Министрлік жыл сайын бекітетін, Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жарияланатын мерзімде жүзеге асырылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз жүзінде. 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – конкурсқа қатысуға рұқсат туралы немесе Министрлікке жеке тәртіппен қарау үшін құжаттар жіберу туралы қолхат. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды сандық қолымен (бұдан әрі – ЭСҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жіберіледі. 7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады; 2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбі аралығында сағ. 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз. Мемлекеттік қызмет жедел қызмет көрсетусіз «электронды кезек» тәртібімен таңдау бойынша көрсетіледі, электронды кезекті портал арқылы «брондауға» болады; 3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі); 2) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, тағылымдамадан өтуге үміткерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, өз бетінше оқуға түскендер санаттары бойынша (мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер, қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін) конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс берушінің маман даярлауға өтінімі (бұдан әрі – өтінім); 3) өз бетінше оқуға түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс берушіден ұсыным хат (жұмыс берушіден маман даярлауға өтінім ұсынған мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше оқуға түскендерді қоспағанда); 4) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және оқу/ тағылымдамадан өту елінің негіздемесі көрсетілген жеке көзқарастар мен пікірлер суреттелген ерікті нысандағы уәждемелік хат; 5) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер толтырған сауалнама; 6) қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы (тағылымдамаға үміткерлер санаты қосымшасын ұсынбайды), сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса білімі туралы құжатты тану және нострификациялау туралы куәлік; 7) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы; 8) еңбек қызметінің талап етілетін кезеңдері үшін еңбек қызметін растайтын құжаттарды, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелерді; 9) тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымдардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалары бар тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептеулерді ашып жазумен) көрсетілген шартсыз шақыруын (қаржылық шарттар мен талап етілетін деңгейге дейін шет тілін білу деңгейін арттыру шарттарын қоспағанда) растайтын құжаттарды; 10) тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11258 тіркелген) (бұдан әрі - № 318 бұйрық) бекітілген және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен талаптарға сәйкес құрылған тағылымдамадан өту бағдарламасын ұсынады; 11) өз бетімен түскендер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер санаты бойынша қатысатын адамдар академиялық оқуға шартсыз (қаржылық шарттарды, және философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға түскен адамдар үшін – шет тілін білу деңгейін талап етілетінге дейін арттыру шартын қоспағанда) тіркелуін растайтын құжаттарды оқу бағдарламасын, мамандығы мен кезеңін көрсете отырып, бар болған жағдайда, шетелдің жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/оқу мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, сол оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы бар нотариалды куәландырылған сол оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын қосымша ұсынады; 12) академиялық оқуға өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысушы немесе тізімге қосылған шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқып жатқан адамдар шетелдің жетекші жоғары оқу орындары осы дәрежені алу үшін белгілеген мерзімнен аспайтын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен келісілген мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар жеке оқу жоспарын ұсынады; 13) бар болған жағдайда, осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес Министрлік бекіткен белгіленген ең аз талаптарға сәйкес келетін нәтижемен шет тілі бойынша емтихан тапсыру туралы нақты ресми сертификат; 14) бар болған жағдайда, № 318 бұйрықпен бекітілген ең аз талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы нақты ресми сертификатты. Көрсетілетін қызметті алушы 6), 8), 13), 14) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады, салыстырғаннан кейін түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электронды өтініш берген кезде 1), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) тармақшаларда көрсетілген құжаттар құжаттардың электронды көшірмелері нысанында беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілген қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) куәлігін ұсынған жағдайда, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде қорытындыны сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияның сауалы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Порталда электронды сауал қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметке сауал қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі (егер мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру қағаз тасымалдағышында қажет болса, оны алу орнын көрсету керек). 10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушы толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. 3. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Министрліктің бірінші басшысының не оны алмастырушы адамның, не көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жазбаша түрде жүзеге асырады. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (құжаттарда көрсетілген жағдайда), почталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды. Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі. Өз қолымен әкеліп тапсырылған, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алуға болады. Портал арқылы шағым жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отыратын өтініштер туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 12. Заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара қабілетін немесе өзіне өзі қызмет көрсету, өз бетінше қозғалу, бағыт алу мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс-орталығы 1414 арқылы байланысумен тұрғылықты жері бойынша бару арқылы жүргізеді. 13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz  интернет-ресурсында; 3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 4) www.e.gov.kz порталында орналастырылған. 14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алуға мүмкіндігі бар. 15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 16. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МАМАН ДАЯРЛАУҒА ӨТІНІМІ/ ЗАЯВКА РАБОТОДАТЕЛЯ НА ПОДГОТОВКУ СПЕЦИАЛИСТА № ______________ «___» _________20___ жылы/года Ұйымның атауы/Название организации Почталық индексі, мекенжайы/Почтовый индекс, адрес Код/телефон ___________________________ факс______________________ e-mail ________________________ Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты/Ф.И.О. направляемого претендента (жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес/согласно документу, удостоверяющему личность) Тегі/Фамилия Аты/Имя Әкесінің аты/Отчество «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу бойынша ақпарат Информация по участию в конкурсе на присуждение международной стипендии «Болашак» АКАДЕМИЯЛЫҚ ОҚУ/ АКАДЕМИЧЕСКОЕ ОБУЧЕНИЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ/ ПРОХОЖДЕНИЕ СТАЖИРОВКИ  Мемлекеттік қызметшілер/ Государственные служащие Тағылымдама/Стажировка  Ғылыми немесе педагог қызметкерлер/ Научные или педагогические работники  Мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер/ Работники культуры, творческие работники Қызметкер санатын көрсету/ Указать категорию работника ______________________________________________________________________________________________________________________________  Бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері/ Работники редакции средств массовой информации  Инженерлік-техникалық қызметкерлер/ Инженерно-технические работники Бағыттаушы ұйымдағы жұмыс өтілі/Стаж работы в направляющей организации: ____________________________ Үміткер жұмыс істейтін құрылымдық бөлімше/ Структурное подразделение: _______________________________ Үміткердің лауазымы/Должность претендента: _________________________________________________________ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА АРНАЛҒАН ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР (үміткер толтырады)/ ДАННЫЕ ДЛЯ УЧАСТИЯ В КОНКУРСЕ (заполняется претендентом) Оқу елі/ Страна обучения Оқу бағдарламасы/ Программа обучения Оқу мамандығы/ Специальность обучения Оқу тілі/ Язык обучения код________________________________________________________________________________________________________________________ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ/ТРУДОУСТРОЙСТВО Бағыттаушы ұйым басшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты / __________________________________ Фамилия, Имя, Отчество руководителя направляющей организации Жұмыс орнын сақтауды қамтамасыз етуге міндеттелемін/ __________________________________ Обязуюсь обеспечить сохранение места работы Басшының қолы/Подпись руководителя М.О/М.П «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан ҮМІТКЕРДІҢ «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН САУАЛНАМАСЫ/ АНКЕТА ПРЕТЕНДЕНТА ДЛЯ УЧАСТИЯ В КОНКУРСЕ НА ПРИСУЖДЕНИЕ МЕЖДУНАРОДНОЙ СТИПЕНДИИ «БОЛАШАК» Тегі/Фамилия Аты/Имя/ Әкесінің аты/Отчество (болған жағдайда/при наличии) (жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес/согласно документу, удостоверяющему личность) Болжанып отырған оқу/тағылымдамадан өту елін көрсетіңіз/ Укажите предполагаемую страну обучения/прохождения стажировки Болжанып отырған оқу/тағылымдамадан өту тілін көрсетіңіз/ Укажите предполагаемый язык обучения/прохождения стажировки Оқу бағдарламасы/тағылымдама / Программа обучения/стажировка Магистратура  Докторантура  Резидентура  Тағылымдама/Стажировки  «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтың толық атауы және коды/ Полное наименование специальности и код согласно Перечню приоритетных специальностей для присуждения международной стипендии «Болашак» Код Шетелдегі жоғары оқу орны/шетелдік ұйым/Высшее учебное заведение за рубежом/зарубежная организация* * Шетелдік жоғары оқу орындарына/мекемелерге оқу/тағылымдамадан өту үшін өз беттерінше түскен тұлғалар толтырады * Заполняется лицами, самостоятельно поступившими в зарубежные вузы/организации на академическое обучение/для прохождения стажировки «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу бойынша ақпарат/ Информация по участию в конкурсе на присуждение международной стипендии «Болашак» Академиялық оқу/ Академическое обучение Тағылымдамадан өту/ Прохождение стажировки Өз бетінше түскендер Самостоятельно поступивший  Мемлекеттік қызметшілер  Государственные служащие Ғылыми немесе педагог қызметкерлер  Научные или педагогические работники Инженерлік-техникалық қызметкерлер  Инженерно-технические работники Мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер  Работники культуры, творческие работники Бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері  Работники редакции средств массовой информации Тағылымдама/Стажировка  Қызметкер санатын көрсету/ Указать категорию работника: ____________________________________________________________________________________________________________________________________________ Бұл кестені «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері толтырады/ Данная таблица заполняется сотрудниками АО «Центр международных программ» Ескертпелер/Замечания:_________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ Тексерді________________________________________________________________________________ Проверил (жауапты қызметкердің аты-жөні, лауазымы/Ф.И.О., должность ответственного сотрудника) Қолы_____________________________________ Тексерген күні___________________________ Подпись Дата проверки I. ЖЕКЕ АҚПАРАТ / ЛИЧНАЯ ИНФОРМАЦИЯ 1. Жеке куәліктің деректері/Данные удостоверения личности Нөмірі/ Номер Берген мекеме/Кем выдан Берілген күні - қолданылу мерзімі/Дата выдачи - срок действия 2. Төлқұжат деректері / Паспортные данные Нөмірі/ Номер Берген мекеме/ Кем выдан Берілген күні - қолданылу мерзімі/Дата выдачи - срок действия 3. Сәйкестендіру нөмірі/ Идентификационный номер 4. Туған күні/айы/жылы/ День/месяц/год рождения 5.Туған жері/место рождения Ауыл /село Қала/город 6. Ұлты _______________________________ 7. Отбасылық жағдайы___________________________________ Национальность Семейное положение * Байланыс деректеріңіз өзгерген жағдайда ол туралы 5 күн ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның қызметкерлерін ескерту қажет. * В случае изменения контактных данных в течение 5 дней необходимо оповестить сотрудников АО «Центр международных программ». 8. Байланыс деректері*/Контактные данные* Коды, үй телефоны / Код, домашний телефон * Ұялы телефонының нөмірі / Мобильный номер телефон* Коды, жұмыс телефоны / Код, рабочий телефон Қосымша байланыс телефондары*/ Дополнительные контактные телефоны* e-mail* (Электрондық почтанызды үнемі тексеру қажет/ Необходимо регулярно проверять электронную почту) 9. Тұрғылықты орны* (толық мекенжайы, индексі) Место проживания* (полный адрес, индекс) 10. Тіркелген орны * (толық мекенжайы, индексі) Место прописки* (полный адрес, индекс) * МІНДЕТТІ ТҮРДЕ/ В ОБЯЗАТЕЛЬНОМ ПОРЯДКЕ 11. Ата-анаңыздың қызмет ету саласын көрсетіңіз /Укажите сферу деятельности родителей: Әкесі/Отец Анасы/Мать  Әскери қызметші/Военнослужащий  Мемлекеттік қызметші/Государственный служащий  Бюджеттік мекеме қызметкері/Работник бюджетной организации  Жеке құрылым қызметкері/Работник частной структуры  Мемлекеттік кәсіпорын қызметкері/ Работник государственного предприятия  Зейнеткер/Пенсионер  Жұмыссыз/Безработный  Ата-анасы жоқ/Нет родителей  Басқа/Другое _______________________  Әскери қызметші/Военнослужащий  Мемлекеттік қызметші/Государственный служащий  Бюджеттік мекеме қызметкері/Работник бюджетной организации  Жеке құрылым қызметкері/Работник частной структуры  Мемлекеттік кәсіпорын қызметкері/ Работник государственного предприятия  Зейнеткер/Пенсионер  Жұмыссыз/Безработный  Ата-анасы жоқ/Нет родителей  Басқа/Другое _______________________ 12. Жақын туған-туысқандары/ата-аналары/жұбайы/балалары туралы мәліметтер: Сведения о ближайших родственниках/родители/супруг(а)/дети: Туысқандық дәрежесі Степень родства Аты-жөні, туған жылы ФИО, год рождения Жұмыс/оқу орны, қызметі, қызметтік телефоны Место работы /учебы/, должность, телефон, код Мекен-жайы, телефоны, қаланың/ өңірінің коды Домашний адрес, код города/региона, телефон Әкесі/Отец Анасы/Мать Жұбайы/Супруг(а) Балалары/Дети II.БІЛІМІ/ОБРАЗОВАНИЕ 13. Жоғары білім/ Высшее образование Жоғары оқу орнының атауы, орналасқан жері/Наименование вуза,местонахождение _________________________________________________________________________________________________ Оқу бағдарламасы/ Программа обучения _________________________ Оқу тілі/Язык обучения____________________ Мамандығы/ Специальность ________________________________________________________________________ Оқу шарттары/Условия обучения _____________________________________________________________________ (Мемлекеттік білім беру гранты/бюджет/ақылы бөлім)/ Государственный образовательный грант/ бюджет/платное отделение) Жоғары оқу орнына түскен/бітірген жылдары/ ___________________________________________________________ Годы поступления/окончания вуза Диплом қосымшасы бойынша орташа балы/Средний балл по приложению к диплому ___________________________ 14. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі/Послевузовское образование Сіз жоғары оқу орнынан кейін аяқтаған барлық білім бағдарламаларды (магистратура, PhD докторы, бейін бойынша доктор, резидентура және басқа да) атаңыз: Перечислите все послевузовские программы (магистратура, доктор PhD, доктор по профилю, резидентура и другие), которые Вы завершили: ____________________________________________________________________________ Мамандық/___________________________________________________________________________________ Специальность Дәреже/Степень ___________________________________________________________________________________ Бағдарлама/ Программа___________________________ Оқу мерзімі/Период обучения ________________________ Оқу орнының атауы/ ________________________________________________________________________________ Наименование учебного заведения Орналасқан жері/ __________________________________________________________________________________ Местонахождение III. КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ/ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ 15. Еңбек ету қызметі/Трудовая деятельность Айы және жылы/Месяц и год Жұмыс орнының атауы Наименование места работы Лауазымы Должность Жұмыс орнының орналасқан жері Адрес места работы Келген/Приема Кеткен/Ухода IV. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ/ИНФОРМАЦИЯ ПО УЧАСТИЮ В КОНКУРСЕ 16. Бұған дейін Сіз шетел тілі бойынша арнайы емтихан немесе тест (TOEFL, IELTS, GMAT, GRE, DSH, DELF ж2не т.б.) тапсырдыңыз ба? Сдавали ли Вы раньше специализированные экзамены или тесты (TOEFL, IELTS, GMAT, GRE, DSH, DELF и др.) по иностранному языку? Иә/Да  Жоқ/Нет  Егер тапсырсаңыз, онда келесі кестені толтырыңыз/ Если сдавали, то заполните следующую таблицу: Тесттің ресми атауы Официальное наименование теста Нәтижесі Результат Тапсырған күні Дата сдачи 17. Конкурс бойынша тілдік тестілеуден өтуге ниет білдірілген орын Место желаемого прохождения языкового тестирования по конкурсу Астана  Алматы  18. Бұған дейін Сіз мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын арнайы емтихан (ҚАЗТЕСТ) тапсырдыңыз ба? Сдавали ли Вы раньше специализированный экзамен по определению уровня знания государственного языка (КАЗТЕСТ)? Иә/Да  Жоқ/Нет  Егер тапсырсаңыз, онда келесі кестені толтырыңыз/ Если сдавали, то заполните следующую таблицу: Тесттің ресми атауы Официальное наименование теста Нәтижесі Результат Тапсырған күні Дата сдачи Шетелдік жоғары оқу орындарына/мекемелерге оқу/тағылымдамадан өту үшін өз беттерінше түскен тұлғалар толтырады/Заполняется лицами, самостоятельно поступившими в зарубежные вузы/организации на академическое обучение/для прохождения стажировки 19. Тағылымдамадан өту, оқу мерзімдері/ _______________________ Сроки обучения / прохождения стажировки 20. Бұдан бұрын Сізге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды ма? Иә/Да  Присуждалась ли Вам ранее международная стипендия «Болашак»? Жоқ/Нет  21. Мен ________________________________________________________________, «Болашақ» халықаралық Тегі, Аты, Әкесінің аты стипендиясына үміткер, осы сауалнамада көрсетілген барлық ақпараттың толық және нақты болып табылатынын растаймын. Біле тұра жалған немесе толық емес деректерді беру конкурстан шығып қалуыма, сондай-ақ тағайындалған жағдайда «Болашақ» халықаралық стипендиясынан айыруға әкеп соғатыны маған мәлім. Мен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережелерінің және Оқуды ұйымдастыру/ғылыми тағылымдаманы өту туралы шарттың, Жылжымайтын мүлік кепілі туралы шарттың, кепілдік беру шартының талаптарымен таныстым. Маған «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалған жағдайда, көрсетілген шарттар бойынша барлық міндеттемелерді мойныма аламын. Мен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуым барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ алған менің сауалнамалық деректерімді, тестілеу мен әңгімелесу нәтижелерін Тәуелсіз сараптамалық комиссия мен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия мүшелеріне және шетелдік серіктестерге, мемлекеттік органдарға, ғылыми-зерттеу институттарына, сарапшыларға және өзге де мүдделі ұйымдарға, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ іріктеу конкурсы нәтижелерінің ресми сайтында орналастыру жолымен берілуіне қарсы емеспін. Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдеріне келуге дербес жауапкершілікте боламын және ата-анамның/қамқоршылардың және басқа да делдалдардың қатысуынсыз конкурстың барлық кезеңдерінен өз бетімен өтуге міндеттенемін. Конкурстан өту кезінде конкурстың кезеңдерін ұйымдастыруға және өткізуге жауап беретін ұйымдар мен ведомстволардың қызметкерлерімен ізетті болуға міндеттенемін. Осы сауалнаманың 7-тармағында көрсетілген электрондық почтаны тұрақты тексеруге және қажетті сұранысқа уақытылы жауап беруге міндет аламын. Я____________________________________________________________________________, претендент(ка) на Фамилия, Имя, Отчество международную стипендию «Болашак» подтверждаю, что вся информация, представленная мною в данной анкете является полной и достоверной. Мне известно, что предоставление заведомо ложных или неполных данных ведет к исключению из конкурса, а также к лишению международной стипендии «Болашак» в случае ее присуждения. Я ознакомлен(а) с требованиями Правил отбора претендентов для присуждения международной стипендии Президента Республики Казахстан «Болашак» и условиями Договора об организации обучения/прохождения стажировки, Договора залога недвижимого имущества, Договора гарантии. В случае присуждения мне международной стипендии «Болашак», принимаю все обязательства по указанным договорам. Я не возражаю о передаче моих анкетных данных, результатов тестирований и собеседований, полученных АО «Центр международных программ» в ходе моего участия в конкурсе на присуждение международной стипендии «Болашак», членам Независимой экспертной комиссии и Республиканской комиссии по подготовке кадров за рубежом, зарубежным партнерам, государственным органам, научно-исследовательским институтам, экспертам и иным заинтересованным организациям, а также путем размещения на официальном сайте результатов конкурсного отбора АО «Центр международных программ». Я несу персональную ответственность за явку на все этапы конкурсного отбора и обязуюсь проходить все этапы конкурса самостоятельно, без участия родителей/попечителей или других посредников. При прохождении конкурса обязуюсь быть вежливым с сотрудниками организаций и ведомств, отвечающих за организацию и проведение этапов конкурса. Обязуюсь регулярно проверять электронную почту, указанную в пункте 7 данной анкеты и своевременно отвечать на запрашиваемую информацию. Төменде өзіңіздің қолыңызбен мынадай мәтінді жазыңыз: Осы қосымшаны мен өз қолыммен толтырдым, әрбір парағы дәйектелді. Жоғарыда жазылған шарттармен және талаптармен таныстым және келісемін (жеке қолыммен нақтылаймын). Пожалуйста, напишите ниже собственноручно прописью текст, выделенный курсивом: Настоящее приложение заполнено мною собственноручно, каждая страница личного листа запарафирована. С вышеперечисленными условиями и требованиями ознакомлен и согласен (подтверждаю личной подписью). ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Үміткердің қолы __________________ Күні (құжаттарды тапсырған кезде көрсетіледі) _____________________ Подпись претендента Дата (указывается на момент подачи документов) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 3-қосымша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлер үшін шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейі № Бол­жанып отырған оқу елі Мамандық бағыты* Бағдарлама Оқу тілі Бірінші сатылық деңгей Екінші сатылық деңгей Ескерту 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Австра­лия Гуманитарлық, Техникалық, Медициналық Магистратура Докторантура, Резидентура Ағылшын IELTS: 9.0-ден 5.0 (әр блок бойынша кемінде 4.0) TOEFL: ITP**/PBT 677-ден 417 IBT 120-дан 35 IELTS: 9.0-ден 6.5-7.0 (әр блок бойынша кемінде 6.0-6.5) TOEFL: PBT 677-ден 583-600 IBT 120-дан 93-100 - 2 Австрия Техникалық, Медициналық Магистратура Ағылшын/Неміс IELTS: 9.0-ден 5.0 (әр блок бойынша кемінде 4.0) Goethe-Zertifikat А2 IELTS: 9.0-ден 6.5 (әр блок бойынша кемінде 6.0) Goethe-Zertifikat C1 Ағылшын тілі бойынша тілдік курстардан өту Ұлыбританияда жүзеге асырылады. Гуманитарлық IELTS: 9.0-ден 7.0-7.5 (әр блок бойынша кемінде 6.0 және writing кемінде 6.5) Goethe-Zertifikat C1 Гуманитарлық, Техникалық, Медициналық Докторантура IELTS: 9.0-ден 5.0 (әр блок бойынша кемінде 4.0) Goethe-Zertifikat В1 3 Ұлыбри­тания Техникалық, Медициналық Магистратура Ағылшын IELTS: 9.0-ден 5.0 (әр блок бойынша кемінде 4.0) IELTS: 9.0-ден 6.5 (әр блок бойынша кемінде 6.0) - Гуманитарлық IELTS: 9.0-ден 7.0-7.5 (әр блок бойынша кемінде 6.0 және writing кемінде 6.5) Гуманитарлық, Техникалық, Медициналық Докторантура, Резидентура IELTS: 9.0-дан 5.0 (әрбір блок бойынша кемінде 4.0) 4 Германия Техникалық Медициналық Магистратура Ағылшын/Неміс IELTS: 9.0-ден 5.0 (әр блок бойынша кемінде 4.0) Goethe-Zertifikat А2 DAAD 10-нан 7.0 IELTS: 9.0-ден 6.5 (әр блок бойынша кемінде 6.0) Goethe-Zertifikat C1; Test-DaF 4; DSH 2 Ағылшын тілі бо­йынша тілдік курс­тардан өту Ұлы­бри­танияда жүзеге асы­рылады. DAAD комис­сиясымен сұх­бат­тасуы «магис­тратура» бағ­д­ар­ламасы бойынша оқуға үміткерлер өтеді. «Магис­тратура» бағ­д­а