26 ақпанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 20-2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясы 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауына Франция Республикасынан жеті және халықаралық республикалық институттан екі байқаушыны аккредиттеді.
Шет мемлекет пен халықаралық ұйымның байқаушыларына тиісті куәліктер берілді, деп хабарлады ҚР ОСК-нің баспасөз қызметі.