2015 жылғы 22 мамыр, Астана қаласы
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Мыналар:
1) «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Астана, Алматы қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастықтары:
1) осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін және оның талаптарын сақтауын қамтамасыз етсін;
2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің:
1) «Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9368 болып тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 24 мамырдағы № 101 (28325) санында жарияланған);
2) «Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 351 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9583 болып тіркелген және «Заң газеті» 2014 жылғы 30 шілдеде № 111 (2505) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы
полиция генерал-лейтенанты М.ДЕМЕУОВ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы №473 бұйрығына 1-қосымша
«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке тұлғаларға және Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
3. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) ішкі істер органдарының аумақтық тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық).
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көлік құралын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – КҚТК), оның ішінде КҚТК-де есептен шығарылғаны туралы белгісімен және/немесе мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісін (бұдан әрі – МТНБ) беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) іс-әрекеттерінің тәртібі
6. Көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №341 бұйрығымен бекітілген «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11112 болып тіркелген) белгіленген құжаттар пакетін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
8. ТЕБ-ке жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға толтыру үшін осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі (бұдан әрі – акт) беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы актіні толтырады, онда қандай мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін (мемлекеттік тіркеу, көлік құралын мемлекеттік есептен шығару) құжаттар ұсынылып отырғанын көрсетеді.
Толтырылған актімен көрсетілетін қызметті алушыны ТЕБ қызметкері көлік құралын байқап тексеру рәсімінен өту үшін жібереді. Көлік құралын байқап тексеру 20 минут ішінде жүзеге асырылады.
9. ТЕБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушы толтырылған актіні ұсынған және көлік құралын байқап тексеру рәсімінен өткені туралы белгі болған кезде құжаттардың толық ұсынылғанын және көлік құралы иесінің деректерін не оның көлік құралының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерін ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) ақпараттық ресурстары бойынша 30 минут ішінде тексереді.
10. Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) көлік иесінің не оның көлік құралының деректері, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған жағдайда құжаттарды тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін ІІО-ның аумақтық бөлінісіне береді;
2) іздестіру базасында деректер болмаған жағдайда ТЕБ қызметкері құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді және құжаттарды ТЕБ операторына береді.
11. ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан кейін «Автомобиль» автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесінің электрондық базасын қалыптастыру үшін көрсетілетін қызметті алушының және оның көлік құралының тіркеу деректерін 30 минут ішінде енгізуді жүзеге асырады.
12. ТЕБ қызметкері 20 минут ішінде «Автомобиль» автоматтандырылған іздеу жүйесі базасына енгізілген көрсетілетін қызметті алушы мен көлік құралы деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, осы мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды.
13. ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан кейін 25 минут ішінде КҚТК дайындауды жүзеге асырады.
ТЕБ операторы КҚТК бланкісін дайындағаннан кейін 10 минут ішінде мөр мен қол қою үшін оны ТЕБ қызметкеріне береді.
Одан әрі КҚТК бланкісі 10 минут ішінде КҚТК бланкісін ламинаттау жолымен түпкілікті дайындау рәсімін жүргізу үшін ТЕБ операторына қайтарылады.
14. Көлік құралдарын тіркеу есебінен шығарған кезде осы Регламенттің 8-10 және 12-тармақтарында көзделген іс-әрекеттер жүргізіледі.
15. ТЕБ қызметкері КҚТК-ны не КҚТК-мен бірге МТНБ-ны КҚТК мен МТНБ беру тізіліміне қол қойғызып, жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімхаттың негізінде (жеке тұлғалар үшін нотариалды расталған) әрекет ететін оның өкіліне береді.
16. Осы Регламенттің 15-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған болып есептеледі.
3. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі
17. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта белгіленген құжаттар пакетін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
18. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 4-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
19. Орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушының деректерін және баждар мен алымдар төленгені туралы мәліметтерді, көлік құралына салық төленгенін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы тексереді.
20. Мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық кезек талоны беріледі. Кезек күту уақыты 20 минут.
21. Орталықтың қызметкері 20 минут ішінде қажетті құжаттар пакетін қабылдайды, электрондық өтінішті қалыптастырады және өтініш бланкісін қағаз тасымалдағышта басып шығарады.
22. Электрондық өтінішке Орталық қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
23. Орталық қызметкері қабылданған құжаттарды Орталықтың жинақтау секторына жібереді, онда 15 минут ішінде орындау үшін құжаттарды уәкілетті секторға беруге арналған тізілім қалыптастырылады.
24. ТЕБ қызметкері Орталықтың жинақтау секторынан құжаттар ұсынылған кезде олардың толық ұсынылғанын және көрсетілетін қызметті алушы деректерінің не оның көлік құралы деректерінің, сондай-ақ көлік құралы иесі деректерінің бар екенін ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша 15 минут ішінде тексереді.
Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) көлік иесінің не оның көлік құралының деректері, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған жағдайда құжаттарды тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін ІІО-ның аумақтық бөлінісіне береді;
2) деректер іздестіру базасында болмаған жағдайда ТЕБ қызметкері құжаттарды ТЕБ операторына береді.
25. ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан кейін «Автомобиль» автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесінің электрондық базасын қалыптастыру үшін 5 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының және оның көлік құралының тіркеу деректерін енгізуді жүзеге асырады.
26. ТЕБ қызметкері «Автомобиль» автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесі базасына енгізілген көрсетілетін қызметті алушы мен көлік құралы деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, 5 минут ішінде осы мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды.
27. ТЕБ операторы құжаттарды тексергеннен және алғаннан кейін 25 минут ішінде КҚТК дайындауды жүзеге асырады.
ТЕБ операторы КҚТК бланкісін дайындағаннан кейін мөр мен қол қою үшін оны ТЕБ қызметкеріне береді.
Одан әрі КҚТК бланкісі КҚТК бланкісін ламинаттау жолымен түпкілікті дайындау рәсімін жүргізу үшін ТЕБ операторына қайтарылады.
28. ТЕБ қызметкері дайындалған КҚТК-ны Орталық қызметкеріне береді.
29. Көлік құралдарын тіркеу есебінен шығарған кезде осы Регламенттің 19-24 және 26-тармақтарында көзделген іс-әрекеттер жүргізіледі.
30. Орталық қызметкері бірыңғай электрондық кезекке сәйкес 10 минут ішінде КҚТК мен МТНБ беру тізіліміне қол қойғызып, жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша КҚТК-ны не КҚТК-мен бірге МТНБ-ны көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімхаттың негізінде (жеке тұлғалар үшін нотариалды расталған) әрекет ететін оның өкіліне береді.
31. Осы Регламенттің 30-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған болып есептеледі.
32. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің толықтай сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov. kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және әкімшілік полиция бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.
«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Нысан
Көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі
______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) /заңды тұлғаның атауы)
_______________________________________________________________ үшін мынадай құжаттарды ұсынды
ұсынылған құжаттар
ЖСН (БСН) ________________Туған күні (жеке тұлғалар үшін)________________
(күні, айы, жылы)
Жеке басты куәландыратын құжат (әділет органдарында тіркелген күні)
_____________________________________________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
Мекенжайы ______________________________________________________Телефоны ______________________
Көлік құралы туралы мәліметтер
VIN _________________________________________ Мем. нөмірі ______________________________________
Шасси нөмірі ___________________ Маркасы, моделі _____________________ Шанақ нөмірі ___________________
Дайындаушы кәсіпорын ______________________________ Түсі _________________________________________
КҚ түрі ___________________________ Қозғалтқыш қуаты (кВт/ж.к. V см³)_________________________________
КҚ санаты ________________________ Рұқсат етілген ең жоғары салмағы, kg___________________________
Шығарылған жылы ______________________________Жүктемесіз салмағы, kg__________________________
КҚ тіркеу куәлігі___________________________________________________________________________________
(сериясы, нөмірі, берілген күні)
Иесінің өкілі
_____________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Туған күні ___________________________ Жеке басты куәландыратын құжат________________________________
(күні, айы, жылы) (атауы, сериясы,
_____________________________________________________________________________________________
нөмірі, қашан, кім берген)
___________________________________________________________тұрады. Телефоны __________________
Сенімхат _______________________________________________________________________________________
(қашан, кім берген, тізілім нөмірі)
20__жылғы «___»___________________Иесінің қолы __________________________________________________
___________________________________________________МТНБ __________________________КҚТК берілді.
ІІО лауазымды адамының қызметтік белгілері
ІІО-ның лауазымды адамының қорытындысы
Байқап тексеру нәтижелері бойынша көлік құралы туралы мәліметтер:
МТНБ _______________________Дайындаушы кәсіпорын __________________ КҚ санаты ___________________
Сәйкестендіру нөмірі (VIN)_________________ Шығарылған жылы ____________ Маркасы, моделі______________
Шасси (рама) нөмірі_________________________________ Шанақ нөмірі ________________________________
Түсі______________Байқап тексеру нәтижесі ____________________________ (ақаусыз, ақауы бар)
ІІО лауазымды адамы __________________________________________________________________________
(қолы немесе коды) (тегі)
Айдап әкетілген және ұрланған автокөлік базасы бойынша тексеру жүргізілді
_____________________________________________________________________________________________
(нәтижесі, күні, уақыты)
_____________________________________________________________________________________________
(тексеру жүргізген жауапты қызметкердің қолы, тегі)
Иесінен қабылданды
___________________________________________ сериясы ________________№ ________________________
(тіркеу құжатының атауы)
Тіркеу белгілері ___________________________________________саны _______________________________
КҚ паспортының сериясы ________________________ №_________ ___________________________________
__________________________________________ сериясы___________________ № ______________________
(меншік құқығын растайтын құжат)
«Транзит» белгісі _______________________________ саны______________ ____________________________
Кепілді тіркеу туралы куәлік _____________________________________________________________________
Төлем туралы түбіртектер (есеп шот-фактура) № ______________________________________________________
Өзге құжаттар:___________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________ қабылданды.
(тіркеу әрекеттерін жүргізу немесе жүргізуден бас тарту туралы жауапты қызметкердің қорытындысы)
20__жылғы «___»______________________ (қолы)
Иесіне берілді
Сериясы ________________________________ № __________________________________________________
(тіркеу құжатының атауы)
Тіркеу белгілері _________________«Транзит» белгісі _____________________
КҚТК сериясы ______________№ ________________________________
Өзге де құжаттар _____________________________________________________
____________________________20_____ жылғы « » _______________берілді
ІІО лауазымды адамы/ХҚКО қызметкері_________________________________
(қолы, тегі)
«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Нысан
Құжаттарды қабылдау туралы
№_____ қолхат
_____________________________________________________________________________________________
(көрсетілетін мемлекеттік қызметтің атауын көрсету)
_____________________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
немесе заңды тұлғаның немесе олардың өкілдерінің атауы)
Қабылданған құжаттардың тізбесі:
1.__________________________________________________________
2.__________________________________________________________
3.__________________________________________________________
4.__________________________________________________________
5.__________________________________________________________
6.__________________________________________________________
7.__________________________________________________________
8.__________________________________________________________
9.__________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Қабылдаған: __________________________/____________________/______________
(ТЕб қызметкерінің лауазымы, атағы) (қолы) (Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))
_________ жылғы «_______»________________
Берілген күні мен уақыты___сағ_______мин «____»_______ _____жыл
«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша
Нысан
«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
*ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-әрекетінің) және (немесе) ҚФБ атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
КҚ - көлік құралы;
ІІО - ішкі істер органдары.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы №473 бұйрығына 2-қосымша
«Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Жүргізуші куәліктерін беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық);
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жүргізуші куәлігін (бұдан әрі – ЖК), уақытша ЖК беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) іс-әрекеттерінің тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №341 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11112 болып тіркелген) «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) белгіленген құжаттар пакетін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде ТЕБ қызметкері ұсынылған құжаттарды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерін ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) ақпараттық ресурстары бойынша 30 минут ішінде бастапқы тексеруді жүргізеді.
7. Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының деректері сот көлік құралдарын басқару құқығынан айырған жүргізушілердің деректер базасында болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарын қайтарады;
2) көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған, сондай-ақ құжаттарды қолдан жасау фактісі анықталған жағдайда құжаттарды тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін ІІО-ның аумақтық бөлінісіне тапсырады;
3) көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болмаған жағдайда ТЕБ қызметкері «Жүргізуші» автоматтандырылған іздеу жүйесі базасына енгізілген көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, осы мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды, осыдан кейін құжаттарды ТЕБ операторына береді.
8. Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері, заңнамада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушыны теориялық дайындық деңгейін, сондай-ақ практикалық жүргізу дағдыларын тексеру үшін емтихан сыныбына емтихан тапсыруға жібереді.
9. Теориялық емтихан тапсыру рәсімін ТЕБ қызметкері арнайы жабдықталған сыныпта, 40 минут ішінде компьютерлік тестілеу жолымен өткізеді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтихан нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде ТЕБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға теориялық емтихан нәтижелерінің бағасы бар құжаттарын қайтарады және көрсетілетін қызметті алушыға теориялық білім деңгейін кем дегенде:
1) көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымын аяқтағаннан кейін жүргізуші куәлігін алғаш алу кезінде күнтізбелік жеті күннен кейін қайта тексеру күні туралы хабарлайды;
2) көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігінің мерзімі, көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін теориялық білімін тексеру кезінде емтихандарды қайталап тапсыру мерзімі реттелмеген.
11. Көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтихан нәтижелері бойынша оң баға алған кезде көрсетілетін қызметті алушы көлік құралын практикалық жүргізу бойынша емтихан өткізу арқылы практикалық дайындық деңгейін тексеруге жіберіледі.
12. Бағытта (автодромда) практикалық жүргізу бойынша емтиханның ұзақтығы 20 минут.
13. Көрсетілетін қызметті алушы практикалық емтиханның нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде ТЕБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға теориялық және практикалық емтихан нәтижелерінің бағасымен құжаттарын қайтарады және көрсетілетін қызметті алушыға практикалық дағдыларының деңгейін кем дегенде:
1) көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымын аяқтағаннан кейін жүргізуші куәлігін алғаш алу кезінде күнтізбелік жеті күннен кейін қайта тексеру күні туралы хабарлайды;
2) көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігінің мерзімі, көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін теориялық білімін тексеру кезінде емтихандарды қайталап тапсыру мерзімі реттелмеген.
14. ТЕБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәлігін беруге толтырылған бланкіні ұсынған, теориялық және практикалық дайындық деңгейін тексерудің оң нәтижелері туралы белгілер болған кезде 20 минут ішінде осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат (бұдан әрі – қолхат) береді.
15. Құжаттарды қабылдағаннан және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат бергеннен кейін ТЕБ қызметкері құжаттарды ТЕБ операторына береді, ал көрсетілетін қызметті алушыны суретке түсу үшін кабинаға жібереді.
16. ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан кейін 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының қажетті деректерін «Жүргізуші» автоматтандырылған іздеу жүйесі базасына енгізуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыны суретке түсіреді.
17. ТЕБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушының «Жүргізуші куәлігі» автоматтандырылған іздеу жүйесі базасына енгізілген деректерінің сәйкестігін электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды.
18. ТЕБ операторы жүргізуші куәлігін дайындайды және оны ТЕБ қызметкеріне береді, ол жүргізуші куәлігін беру тізіліміне қол қойғызып, жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға не нотариалды расталған сенімхаттың негізінде әрекет ететін оның өкіліне жүргізуші куәлігін береді.
19. Осы Регламенттің 18-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсету аяқталған болып есептеледі.
3. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі
20. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта белгіленген құжаттар пакетін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
21. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 4-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
22. Мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық кезек талоны беріледі. Кезек күту уақыты 20 минут.
23. Орталықтың қызметкері 10 минут ішінде құжаттар пакетін қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушыны суретке түсіреді, электрондық өтінішті қалыптастырады және өтініш бланкісін қағаз тасымалдағышқа басып шығарады.
24. Электрондық өтінішке Орталық қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Заңнамада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы теориялық дайындық деңгейін, сондай-ақ практикалық жүргізу дағдыларын тексеру үшін емтихан сыныбына емтихан тапсыруға жіберіледі.
25. Теориялық емтиханды тапсыру рәсімін ТЕБ жауапты қызметкері арнайы жабдықталған сыныпта, компьютерлік тестілеу жолымен 40 минут ішінде өткізеді.
26. Көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтихан нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде Орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға теориялық емтихан нәтижелерінің бағасымен құжаттарын қайтарады және көрсетілетін қызметті алушыға теориялық білім деңгейін кем дегенде:
1) көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымын аяқтағаннан кейін жүргізуші куәлігін алғаш алу кезінде күнтізбелік жеті күннен кейін қайта тексеру күні туралы хабарлайды;
2) көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігінің мерзімі, көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін теориялық білімін тексеру кезінде емтихандарды қайталап тапсыру мерзімі реттелмеген.
27. Көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтихан нәтижелері бойынша оң баға алған кезде көрсетілетін қызметті алушы көлік құралын практикалық жүргізу бойынша емтихан өткізу арқылы практикалық дайындық деңгейін тексеруге жіберіледі. Орталықта теориялық емтиханды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі практикалық емтиханды тапсыру мерзімі басталғанға дейін автоматты түрде тоқтатыла тұрады.
28. Бағытта практикалық жүргізу бойынша емтиханның ұзақтығы 20 минут болуы тиіс.
29. Көрсетілетін қызметті алушы практикалық емтиханның нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде Орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға теориялық және практикалық емтихан нәтижелерінің бағасымен құжаттарын қайтарады және көрсетілетін қызметті алушыға практикалық дағдыларын кем дегенде:
1) көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымын аяқтағаннан кейін жүргізуші куәлігін алғаш алу кезінде күнтізбелік жеті күннен кейін қайта тексеру күні туралы хабарлайды;
2) көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігінің мерзімі, көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін теориялық білімін тексеру кезінде емтихандарды қайталап тапсыру мерзімі реттелмеген.
30. Теориялық және практикалық емтиханның оң нәтижелері кезінде Орталықтың жауапты қызметкері көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігін дайындауға арналған құжаттарды ТЕБ қызметкеріне жібереді.
31. ТЕБ қызметкері Стандартта белгіленген құжаттар пакетін ұсынған кезде оларды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерін 15 минут ішінде ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша тексеруді жүргізеді.
32. Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының деректері сот көлік құралдарын басқару құқығынан айырған жүргізушілердің деректер базасында болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарын қайтарады;
2) көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған, сондай-ақ құжаттарды қолдан жасау фактісі анықталған жағдайда құжаттарды тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін ІІО-ның аумақтық бөлінісіне тапсырады;
3) көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болмаған жағдайда ТЕБ қызметкері «Жүргізуші» автоматтандырылған іздеу жүйесі базасына енгізілген көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, осы мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды, осыдан кейін құжаттарды ТЕБ операторына береді.
33. ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан және тексергеннен кейін 15 минут ішінде жүргізуші куәлігін дайындауды жүзеге асырады.
34. Дайындалған жүргізуші куәлігін ТЕБ операторы Орталық қызметкеріне береді, ол жүргізуші куәлігін беру тізіліміне қол қойғызып, жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша, көрсетілетін қызметті алушыға не нотариалды расталған сенімхаттың негізінде әрекет ететін оның өкіліне жүргізуші куәлігін береді.
35. Осы Регламенттің 34-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған болып есептеледі.
4. Қолданылу мерзімі өтпеген жүргізуші куәлігін ауыстырған жағдайда «электрондық үкіметтің»:
www.egov.kz веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі
36. Көрсетілетін қызметті алушының Стандартта белгіленген құжаттар пакетін электрондық үкімет порталына (бұдан әрі – портал) беруі мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
37. Жүргізуші куәлігін алуға порталда өтінім берген кезде көрсетілетін қызметті алушы одан әрі жүргізуші куәлігі дайындалатын ТЕБ немесе Орталық туралы ақпарат алады.
38. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 4-тармағының 3) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
39. ТЕБ қызметкері өтінімді алғаннан кейін мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды.
40. ТЕБ қызметкері Стандартта белгіленген құжаттар пакетін ұсынған кезде оларды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерін 30 минут ішінде ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша тексереді.
Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:
көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған жағдайда құжаттарды тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін ІІО-ның аумақтық бөлінісіне тапсырады;
көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болмаған жағдайда ТЕБ қызметкері «Жүргізуші» автоматтандырылған іздеу жүйесі базасына енгізілген көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, осы мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды, осыдан кейін құжаттарды ТЕБ операторына береді.
41. ТЕБ операторы өтінімді алғаннан кейін 15 минут ішінде жүргізуші куәлігін дайындауды жүзеге асырады.
42. Дайындалған жүргізуші куәлігін ТЕБ қызметкері немесе Орталық қызметкері жүргізуші куәлігін беру тізіліміне қол қойғызып, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, бұрын берілген жүргізуші куәлігін және медициналық анықтаманы көрсетуі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға жүргізуші куәлігін береді.
43. Осы Регламенттің 42-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған болып есептеледі.
44. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің толықтай сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov. kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және әкімшілік полиция бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.
«Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Жүргізуші куәлігін беру бланкісі
____________________________________________________________________________ТЕБ-ке/Орталығына
(облыс, қала, аудан)
туған жылы ________________________ЖСН______________________________________________________
туған жері ____________________________________________________________________________________
(облыс, қала)
______________________________________________________________________________________тұратын,
________________________________________________________________________________жұмыс істейтін
жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы ______________________, № ____________________________
______________________________________________________________________________________берілген
(қашан, кім)
Т.А.Ә (ол болған жағдайда) _______________________________________________________________________
жүргізуші куәлігі ауыстырылсын, телнұсқасы берілсін ________________________________________________
___________________________________________________________________ (керек емесі сызылып тасталсын)
жүргізуші куәлігінің сериясы ____________________________, №_________________________________________
______________________________________________________________________________________________
(облыс, өлке, республика)
_________________________________________________________________________________________ алған.
(күні, айы, жылы)
20__жылғы «__»_____жүргізуші куәлігі мынадай жағдайларда ___________________ ________________________________________________________________________________________________________ жоғалды (ұрланды),
(баяндау)
мынадай құжаттарды қоса беремін:
_______________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
Ұрлық фактісі (егер ұрланса) бойынша АІІБ-ден анықтама ____________________________________________
ЖК жоғалған (ұрланған) кезде қажетті белгілер: _____________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының қолы ____________________________________________________________
Ауыстыру, телнұсқаны беру үшін құжаттарды қабылдаған ТЕБ лауазымды адамы
___________________________________
(қолы)
Қызметтік белгілер:
Сериясы ______, №_______ жүргізуші куәлігі 20__жылғы «____»______________ берілді.
ТЕБ операторы ____