• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2016

Алматыда қантөгіс жасаған Күлекбаев сыбайластарымен бірге сотқа жіберілді

361 рет
көрсетілді

Алматыда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған Руслан Күлекбаев пен оның 5 сыбайласы сотқа жіберілді, деп хабарлайды Егемен-ақпарат Алматы қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме жасап. Қала прокуратурасының мәліметтеріне қарағанда, ҚР Бас прокуратурасы ведомствоаралық тергеу тобы арнайы прокурордың басшылығымен Алматыда 2016 жылдың 18-шілдесі күні болған террорлық актіге байланысты қылмыстық іс бойынша сот алдындағы тергеу жұмыстарын аяқтады. Тергеу амалдары басталған алғашқы күннен бастап-ақ қала прокуроры қадағалау жұмыстарының тиімді болуы үшін процессуалды прокурорлар тобын құрды. Олар тергеу жұмыстарының барынша қысқа мерзімде аяқталуына ықпал етті. Тергеу тобы 57 сот сараптамасы мен зерттеулер жүргізді және болған оқиғаның барлық жәйттерін анықтау мақсатында 200-ден астам куәгерлер мен оқиғаны көрген адамдарды тергеді. 2016 жылдың 12 қазанында 60 томнан тұратын қылмыстық істің материалдарын зерттеу нәтижесі бойынша, сотқа Күлекбаев пен өзге де азаматтар жіберілді. Р.Күлекбаевқа нәтижесі 8 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерінің және 2 бейбіт тұрғынның өліміне алып келген террорлық акт жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар ол 3 бейбіт тұрғынды өлтірмек болды деп айыпталып отыр. Р.Күлекбаевпен бірге сотқа атыс қаруын заңсыз сақтап, өзімен бірге алып жүріп, Р.Күлекбаевпен бірлесіп М. атты кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл ұйымдастырған Р.Лю, Ж.Сапарбеков, Д.Әсембекұлы, Е.Құсайынов, Н.Әбдімомын да сотқа берілді. Қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі арнайы мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.