• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2016

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

257 рет
көрсетілді

13 қазан күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын болады, күндіз оңтүстікте және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі, тек батыста жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады,  желдің екіпін 15-20 м/с-ты құрайды, деп хабарлайды Егемен-ақпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап. Мәселен, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының  жекелеген аймақтарында тұман,  көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында кей жерлерінде тұман болады, желдің жылдамдығы 16-21 м/с  болады.