• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2016

Ақтауда акватакси жүретін болды

314 рет
көрсетілді

Келесі жылы Каспий жағасында су көлігі қызметі пайда болады. Бұл туралы Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің жетекшісі Жанна Тоқбаева хабарлады, деп жазды lada.kz.

Ж.Тоқбаеваның айтуынша, «Акватакси» жобасы туризмді дамыту бағдарламасы аясында жасалды. Ол жолаушыларды 1 шағынаудан мен 15 шағынаудан аралығында тасымалдау қызметін атқарады. Келер жылдың жазында Ақтау тұрғындары мен қала қонақтары жаңа қызметті пайдалана алады. Шамамен, бір жолаушының жол жүру ақысы 1 000 теңге болуы мүмкін. Бұл қызметті Ақтауға енгізу үшін, Ж.Тоқбаеваның хабарлауынша, 100 миллион теңге бөлінген. Жалпы туризмді дамыту саласында тоғыз жоба мақұлданған.