Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жетекші БАҚ журналистерімен кездесті. Кездесу барысында Нұртөре Жүсіп («Айқын» газеті), Бигелді Ғабдуллин («Central Asia Monitor» газеті), Артур Платонов («КТК» телеарнасы), Юлия Синчук («Хабар» агенттігі» АҚ), Нұрлан Ерімбетов («Астана» телеарнасы), Ләззат Танысбай («Қазақстан» РТРК» АҚ) Мемлекет басшысына бірқатар көкейкесті сұрақтар қойды.
Ақордадағы кездесу жөніндегі кеңейтілген есеп газетіміздің келесі нөмірінде жарияланады.
«Егемен-ақпарат».