• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2011

Қазақстан әлеуеті жеткілікті

405 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы – Литва Рес­публикасының сыртқы істер министрі Аудронюс Ажубалиспен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесу барысында 2011 жыл­ғы Литва төрағалығындағы ба­сым­дықтар, сондай-ақ екіжақты және көпжақты тұрпаттағы пар­ла­ментаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қ.Тоқаев 2010 жылғы Қа­зақ­стан төрағалығы кезіндегі басым­дықтар мен бастамаларды қол­дау­ға орай ризашылық білдіре отырып, «Хельсинки актісінде айтылған ережелер мен қағи­да­лар қайта нақтыланып, қабыл­дан­ған Астана Декларациясы күллі ЕҚЫҰ қоғамдастығындағы зор жетістік болып табылады», деді. Төраға сондай-ақ «Біз литва төрағалығының бағдарламасын қолдаймыз және Ұйымның тиімділігін күшейту жөніндегі жос­пар­ларды орындауға жәрдемде­су­ге әзірміз», деді. ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және НАТО Парламенттік ассам­блея­лары секілді ірі парламентаралық ұйымдар аясында Қазақстан мен Литва депутаттарының ынты­мақ­тастығы жалғасып келе жатқаны ту­ралы атап өткен Төраға өзара мемлекетаралық байланыстың ма­ңызды құрамы – парламент­ара­лық үнқатысуды одан әрі белсенділендіруді жақтайтынын айтты. Қ.Тоқаев Литва Сеймінің Төрағасы Ирена Дегутенеге қолайлы уақытта Қазақстанға келуге шақыруын жеткізді. Биылғы 3 сәуірде Қазақстанда болатын президенттік сайлауға қатысты Сенат Төрағасы: «Біз халықаралық стандарттарға сай ашық және әділ сайлау өткізуді толық қамтамасыз етеміз», деді. Төрағаның айтуынша, сайлауды байқау жөніндегі міндеттерді орындау үшін барлық қажетті жағдай жасалатын болады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­ағалық етуінің нәтижелерін жоға­ры бағалай келіп, А.Ажубалис «Ұйым­ның жоғары лауазымында Литва Қазақстанды зор одақтас ретінде таниды», деген пікір білдірді. Оның айтуынша, Ислам Кон­ференциясы Ұйымына біздің елі­міздің табысты төрағалық ететініне күмән жоқ, өйткені «Қазақ­стан­ның өзін жақсы жағынан көрсе­туіне және аймаққа үлгі болуға әлеуе­ті де, мүмкіндіктері де жетеді».