Астанада бірнеше көшенің атауы өзгертілуі мүмкін,- деп хабарлайды "Егемен-ақпарат" tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының Алматы ауданында орналасқан № 23-17 көшеге Бұхар Жырау есімін беру ұсынылды. Бұл ұсыныс Қарағанды облысының тұрғынынан келген.
Болашақта "Есіл" деп аталатын ауданда 14 көшеге атау берілуі мүмкін, олардың ішінде: № 210 - Нияз би көшесі, № 211 - Нұрпейіс Байғанин көшесі, № 212 - Кенен Әзірбаев көшесі, № 250 - Қайым Мұхамедханов көшесі, № 350 - Белград көшесі, № 486 - Орынбор көшесі (Орынбор даңғылын Мәңгілік ел деп атау ұсынылған болатын), № 488 - Хусейн бен Талал көшесі, № 573 - Сұлтанбек Қожанұлы көшесі, № 574 - Жанайдар батыр көшесі, № 584 - Сәкен Жүнісов көшесі, № 604 - Саттар Ерубаев көшесі.
Ал № 581 көшені Талдыкөл деп атау туралы ұсыныс Астана қаласының тұрғынынан келген. Қазақстандағы Татарстан мемлекетінің өкілдері № 602 көшеге Сүйімбек атауын беруді ұсынып отыр. № 652 көшені Словакия астанасы - Братиславаға өзгертуі мүмкін.
Сонымен қатар, "Алматы" ауданындағы мына көшелердің атын өзгерту ұсынылды: Жамбыл Жабаев көшесін (40-станция) Баймұхамет Қосшығұловқа; Иван Панфилов көшесін Рабиға Есімжанова көшесіне; Бейімбет Майлин мен № 193 көшелерді біріктіріп, Бейімбет Майлин көшесін беру.
"Есіл" ауданындағы мына көшелердің атауын өзгерту ұсынылды: Орынбор даңғылын Мәңгілік ел көшесіне; Хусейн бен Талал көшесін Ұлы дала көшесіне, 70 лет Октября көшесін Темірбек Жүргенов көшесіне, № 36 және Еңбекшілер көшесін біріктіріп, оған Әлихан Бөкейхановтың есімін беру.
"Сарыарқа" ауданындағы екі көшенің атауы өзгертілуі мүмкін - Әлихан Бөкейханов көшесі Әзірбайжан Мәмбетовке және Тарас Шевченко көшесіне Әбдіғаппар ханның есімі.
Еске салайық, кеше Астана қалалық мәслихатта "Астана қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау" туралы отырыс өткен болатын. Онда Орынбор даңғылығын Мәңгілік ел деп ауыстыру ұсынылды. Орынбор даңғылының атауы өзгеруі мүмкін. Сіздер Орынбордың біздің бірінші астанамыз екенін білесіздер. Бірақ бұл Орынбор көшесі мүлде алынып тасталады деген сөз емес, ол атау басқа көшеге беріледі. Елорда тұрғындары бұл ұсынысты қолдап отыр. (…). Даңғылдың атауы Мәңгілік ел деп өзгертілуі мүмкін", - деді Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы.