Кәсіпқой боксшы, Қарағанды бокс мектебінің түлегі Руслан Мадиев өзінің сегізінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.
Американың Коста Меса қалашығында өткен бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шебері мексикалық қарсыласы Бальтазар Рамиресті ұпай санымен ұтты.
Айта кететіні, Руслан алты раундық жекпе-жек сынына тұңғыш рет түсті. Ал оның қарсыласының осынша раундтан тұратын айқастарда бұдан бұрын да бақ сынаған тәжірибесі бар болатын.
Еске салар болсақ, Руслан Мадиев бұған дейін кәсіпқой рингте жеті жекпе-жек өткізіп, соның бәрінде де жеңіске жеткен.