• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2016

Н.Назарбаев А.Гутерришті БҰҰ Бас хатшысы болып сайлануымен құттықтады

238 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Антониу Гутерришке Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Жеделхатта дауыс беру нәтижелері ұйымға мүше елдердің А.Гутерришке деген зор сенімін көрсеткені атап өтілген. «Бүгінде біздің алдымызда тұрған елеулі сын-қатерлерді ескерсек, бұл сенім вотумының маңыздылығы ерекше. Терроризм және экстремизмге қарсы күресу, Орталық Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның қызметінің басты мәселелері. Бұл бағытта белсенді түрде жемісті ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенемін», – делінген жеделхатта. Соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерришке жауапты қызметінде табыс тілеп, еліміздің БҰҰ-мен тиімді өзара іс-қимылы одан әрі жалғаса беретініне сенім білдірді.