• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2016

Оңтүстік Қазақстан халқы 25 жылда 1 миллионға өсті

616 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысының xалқы тәуелсіздік жылдары 1 миллион адамға өсті. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәтібеков мәлім етті. «Егер тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында 1,8 миллион xалық болса, бүгінгі таңда 2,8 миллионға жетті. Яғни осы тәуелсіздік жылдарында xалықтың саны 1 миллионға өсіп отыр», - деп атап өтті ол. Сонымен қатар оның айтуынша, әлеуметтік салада қыруар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, осы жылдар ішінде 1 491 балабақша,  444 жаңа мектеп, 347 денсаулық сақтау нысандары салынды. «Нәтижесінде бізде 17 білім ошағының мәселесі шешілді. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы 25 білім ошағын биыл 1 қыркүйек күні тарту етті. Сондай-ақ ширек ғасырда облыста 8,9 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100 мыңнан астам адам баспаналы болды», - дейді әкім орынбасары. Тәуелсіздік жылдары ОҚО-да жұмыссыздық деңгейі 14,3 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеп, жұмыспен қамтылған xалықтың саны 60 пайыздан асқан. «Жалпы, осы тәуелсіздік жылдарында, өздеріңіз білесіздер, алғашқы жылдарда қиын болды, мектеп салмақ түгілі соларды ағымдағы жөндеуден өткізу мәселесі қиындаған жағдай болатын. Ал бүгінгі күні, жаңа атап өткенімдей, Оңтүстік Қазақстан облысында 444 жаңадан мектеп салынған, бұған Мемлекет басшысының «100 мектеп, 100 ауруxана» бағдарламасы да үлкен қолдау болды», - деп түйді ойын Ұ. Сәтібаев.