• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2016

Жаңалықтар жаймасы

209 рет
көрсетілді

Рим Олимпиада өткізуден  бас тартты Италия Олим­пия­лық комитеті Римде 2024 жылғы Олимпия ойындарын өткізу жөніндегі өтінімін қай­тып алды. Бұл туралы кеше комитет бас­шысы Джованни Малаго арнайы мәлімдеді. «Мен бүгін Халықаралық олимпиялық комитетке хат жолдап, 2024 жылғы Олимпиялық ойындарды өткізу құқығын алу жөніндегі өтінімімізден бас тартып, бұл жөніндегі кандидатурамызды алатынымызды хабарладым»  – деді Малаго. Үміткерлердің арасында қазір Париж, Будапешт және Лос-Анджелес қалалары ғана қалып тұр. ФИФА футболға  4 млрд доллар бөледі Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) алдағы он жыл­да футболды дамы­ту үшін 211 ұлттық ас­социацияға $4 миллиард мөлшерінде қаржы бөледі. Бұл жайында кеше осы ұйымның кеңесінде айтылды. Мұның өзі халықаралық федерацияның тиімді күшті институт құру мақсатында футболды ұтымды дамыту үшін жасап шығарған «ФИФА 2.0: Болашаққа көзқарас» атты «жол картасының» арқасында мүмкін болып отыр. Осыған орай ұлттық ассоциациялар басқару мен бақылауға берілетін көмек – инвестициялар ретінде жылда 100 млн долларға жуық ақша алып тұратын болады. Он жылдың ішінде сондай-ақ, әйелдер футболын ынталандырып, дамытуға 315 млн доллар бөлінеді. Армения құрамасы  бас бапкерсіз қалды Футболдан Қазақ­стан құрамасының ірік­теу тобындағы бә­се­келесі – Армения командасының бас жат­­­­тықтырушысы Ва­­ружан Сукиасян отс­тавкаға кетті. Ол өз шә­­­­­кірттері Варшавада Польшадан ұтылғаннан кейін осын­­дай шешім қабылдады. В.Сукиасян құрама тізгінін 2015 жылдың жел­тоқсан айында алған еді. Оның басқаруында жасақ 2018 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирі аясында үш матч өткізіп, бәрінде де жеңіліс тапты. Соның ішінде Данияға 0:1, Румынияға 0:5, Польшаға 1:2 есептерімен есе жіберді. Крюков – Азия федерациясының вице-президенті Қазақстан Ұлт­тық олимпиялық ко­ми­тетінің вице-президенті Андрей Крю­ков Дохада өт­кен Азия суда жүзу фе­де­рациясының (AASF) 12-ші кон­гресінде ке­зекті мәрте осы ұйымның вице-президенті болып бекітілді. Мұнымен қатар, ол төрт жылдық мерзімге Халықаралық суда жүзу федерациясының (FINA) мүшесі болып сайланды. Мұнда биыл Рио-де-Жанейродағы Олимпиялық ойындарда қазақстандық суда жүзуші Дмитрий Баландиннің чемпион атануының да белгілі бір дәрежеде әсері болды.   «Егемен-ақпарат»