• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2016

"Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп жатыр

353 рет
көрсетілді

Елордада Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі бірлесе отырып, цифрлы экономика дәуіріндегі Үкіметтің өзгеруі тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге бірқатар ми­нис­тр­лік өкілдерімен қатар, үкі­мет­ті цифрландыру жұмысы бо­йын­ша Гер­­­мания, Австралия, Үн­діс­тан ел­­­де­рі­­нен келген сарапшы­лар қа­тыс­­­ты. Шет­елдік мамандар өз ел­де­­рін­­­дегі қол­ға алынған жұмыс­­тар­ды ор­­таға са­лып, тәжірибе­лерімен бөлісті. Осы жиында айтылғандай, Ақ­­па­­рат және коммуникация­лар министр­лігі тарапынан «Цифр­лы Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ламасы әзірленуде. Бұл бағ­дарла­ма цифрлы экономикалық жүйе ар­қы­лы халықтың өмір сапасы жә­не ел экономикасының бәсеке­ге қа­­бі­леттілігін арттыруға бағытталған. Бұған дейін электронды үкі­мет­тің порталында жұмыс істеудің қиындығы сөз болып, портал қара­пайым тұтынушылардың тарапынан сынға ұшырағаны белгілі. «Зерде» хол­дингінің бағдарламаларды бас­қару департаментінің директоры Әлі­бек Ерғалиевтің айтуынша, бұл мәселе көп ұзамай шешілетін болады. Осы жиында австриялық сарап­шы Ширли Грегор цифрлық бас­қару арқылы қаншалықты қаржы үнемдеуге болатыны туралы қызық­ты деректер келтіріп өтті. – Цифрлы үкімет уақыт үнемдеу, жұмыс жоспарын тиімді жасауға көмектеседі. Мәселен, Австрияда ел астанасының бюджетін ақылмен жос­парлау арқылы қалалық муниципалитет жыл сайын 2 миллион еуро үнемдейді. Бостонда коммуналдық қызметтердің жұмысын мобильді қосымша арқылы қадағалау ха­лық­тан түсетін өтініш, арыз-шағым­дарды 66 пай­ызға азайтқан, – деді Ш.Грегор. Осы орайда, Қазақстанда «Зер­де» холдингі бірқатар маңызды жұ­­мыс­тарды қолға алып жатқанын айта кет­кен жөн. Соның арқасында еліміз­де мемлекеттік секторды цифр­лық өзгерту қарқынды жүргі­зілу­де деуге болады. Мәселен, жоға­рыда айтып өткен «Электронды үкі­­мет» порталын еліміздегі эконо­мика­лық белсенді халықтың 50 пайызы, яғ­ни шамамен 5 миллион адам қолда­нады екен. Биылғы жылдың сәуір айынан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясы жұмыс істей бастағаны белгілі. Бұл корпорация халыққа электронды түрде 530 түрлі қызмет көрсетіп жатыр, алдағы уақытта қызмет саны одан әрі көбейтілмек. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»