Кеше Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Отырыста жаңа Қылмыстық-атқару кодексінің қолдану практикасының мәселелері және қылмыстық-атқару жүйесі мен пробацияны жетілдіру жөніндегі шаралар қарастырылды.
Осымен бірге, отырыста жаңа Азаматтық процестік кодекстің қолдану практикасы мен бес сатылы сот жүйесінен үшбуынды сот төрелігі жүйесіне ауысу мәселелері талқыланды. Аталған мәселелер бойынша Ішкі істер министрлігі мен Жоғарғы соттың ақпараттары тыңдалды.
Өткізілген Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасын және құқық қолдану қызметін әрі қарай жетілдіру барысында ескерілетін болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің
Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі