Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу аясында Армения Республикасының Премьер-министрі Карен Карапетянмен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлады.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, көліктік жүк қатынасы, инвестициялар, туризм және 2017 жылы Қазақстан-Армения бизнес-форумын өткізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Б.Сағынтаев пен К.Карапетян ЕАЭО аясында алдағы өзара іс-қимылдың перспективаларын қарастырды.
Еске салсақ, кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Ереванға барған болатын.