• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2016

Бұл – мойындалған көшбасшылық

413 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге бүкіл әлемде ядролық қарудан бас тарту жолында дәйекті күрес жүргізіп келе жатқан дана әрі алысты болжайтын жаһандық көшбасшы ретінде лебізімді білдіру құрметіне ие болып отырмын. Қазіргі беймаза дүниеде ядролық, оның ішінде террористік  қатер ауқымы өсе түсіп отыр және ядролық қару қолдану қаупі бар жанжалдар адамзат алдында тұрған басты жаһандық проблемалардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Сіз­дің күш-жігеріңіздің арқасында уақыт­тың осындай сын-қатерлеріне қар­сы іс-қимыл мен ядросыз әлемге қа­рай жаһандық қозғалыс саласында мойындалған көшбасшы болып отыр. 1991 жылы, тек мемлекеттік көре­гендік пен көшбасшылық мінез таны­та отырып, Сіз Семей ядролық полигонын жабу ту­ралы бірден-бір дұрыс шешім қабылдадыңыз. Ал 1994 жылы Сіздің күш-жігер жұм­сауыңыздың нәтижесінде Қазақ­стан аумағынан соңғы ядролық оқтұм­сықтар әкетілді. Сіз басқаратын мемлекеттің азаматтары батылдық пен шешімділік көрсетіп, ядролық фантомдар билік құрған әлемге қасқайып қарсы шығып, өздерінің балалары мен болашақ ұрпағына ядролық қатерден азат елде өмір сүру бақытын сыйлады. Қазақстан Республикасына яд­росыз ел мәртебесін қамтамасыз еткен  осындай өткір де тағдыршешті қа­дамдар алдыңғы қатарлы және сенімді дамып келе жатқан бір мемлекет шең­берінде қауіпті ядролық қару-жарақ технологияларынан бас тарту мүм­кіндігін ғана көрсетіп қоймай, бүкіл адамзат үшін бейбіт ядросыз бо­ла­шаққа деген үміт отын жақты. Ядро­лық қарудан азат Орталық Азия айма­ғын құру – Сіздің жаһандық тұрақ­тылықты қамтамасыз ету жолында шешуші мәнге ие тарихи еңбегіңіз. Бүгінгі күрделі халықаралық жағ­дайда қуатты еуразиялық держа­ваның көшбасшысы ретінде нақ Сіз Еуропада ядросыз аймақ құру бо­йынша қозғалысқа басшылық ете отырып, өркениет дамуын ядросыз арнаға бағыттай аласыз. Мұның ор­нықты даму мен бүкіл планетаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететіні сөзсіз. Менің бұл пікірімді Ресейдегі, Қазақстандағы, ТМД елдеріндегі, Еу­ропа мен Орталық Азиядағы мил­лиондаған адамның бөлісетініне және қолдайтынына сенімдімін. Ресейлік антиядролық қозғалыстың атынан біздің елдеріміздің ядролық қарудан азат әлемге бет алған жолдағы ынтымақтастығына барынша үлес қосуға дайын екендігімізді білдіремін. Үлкен құрметпен, Максим ШИНГАРКИН, VI шақырылымдағы Мемлекеттік Дума депутаты, Қорғаныс жөніндегі комитет мүшесі