• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2016

Бас хатшылыққа сайлануымен құттықтады

248 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Антониу Гутерришке Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта дауыс беру нәтижелері ұйымға мүше елдердің А.Гутерришке деген зор сенімін көрсеткені атап өтілген. «Бүгінде біздің алдымызда тұрған елеулі сын-қатерлерді ескерсек, бұл сенім вотумының маңыздылығы ерекше. Терроризм және экстремизмге қарсы күресу, Орталық Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау – БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңе­сінің 2017-2018 жылдардағы тұрақ­ты емес мүшесі ретіндегі Қазақ­стан­ның қызметінің басты мәселе­лері. Бұл бағытта белсенді түрде же­місті ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенемін», – делінген жеделхатта. Соңында Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев А.Гутерришке жау­ап­ты қызметінде табыс тілеп, еліміз­дің БҰҰ-мен тиімді өзара іс-қи­мылы одан әрі жалғаса беретініне сенім білдірді.