• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2016

Шетелдік хирургтар бауырға ота жасау тәжірибесімен бөлісті

410 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері шетелдік мамандармен бірігіп ота жасады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Осы тәжірибе арқылы олар біліктілігін арттыруда. Бұл жолы медициналық мекемеге Оңтүстік Кореядан хирургтар келіп, бауырға күрделі ота жасалды. Бұл дәрігерлер облыстық клиникалық ауруханаға алғаш келіп отыр. Оңтүстіккореялық мамандар ақылы хирургия бөлімінің жұмысымен жіті танысып, 36 жастағы азаматқа күрделі ота жасады. Екі елдің дәрігерлері бірлесіп жасаған операцияда науқастың бауырының жарамсыз бөлігі қауіпсіз жолмен алынды. Күрделі отаның нәтижесінде әлгі азамат аман қалды. Енді бауыр ауруы мазаламауы тиіс дейді дәрігерлер. Клиникалық аурухананың бөлім меңгерушіс Жанболат Ділдәбековтың айтуынша, бұрын бауырдың құртын ашып тазалайтын болса, қазір бауырды ашпай, сау жеріне тиіспей жарамсыз жерін ғана алып тастауға болады екен. Осы орайда айта кету керек, жыл басынан бері облыстық клиникалық ауруханада бауырға қатысты 13 ота жасалған. Ең бастысы, нәтижесі қанағаттанарлық. Енді күнгейлік дәрігерлер Оңтүстік Корея мамандарынан трансплантациялық ота жасау әдісін меңгеруде. Ол үшін шетел асып, арнайы оқып келген мамандар да бар. Сол дәрігерлер облыстық клиникалық ауруханада биыл алғаш рет бүйрек алмастыру отасын ойдағыдай іске асырған.