Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында екі ел Президенттерінің тікелей қолдауымен құрылған «KATEV» халықаралық қоғамдық қоры Қазақ-түрік лицейлерінің атауын «Білім-инновация лицейі» деп атау туралы ұсыныс жасады. Бұл жөнінде қордың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қор басшылығының (Қордың Құрылтайшылар кеңесі мен Қордың Ғылыми-әдістемелік кеңесі), ҚТЛ білім алушыларының ата-аналар қауымдастығы, лицей директорларының шешімімен ҚТЛ атауына «ребрендинг» жасау, яғни білім беру ұйымының қоғамдағы орны мен мәртебесін жайлы жайғастыру мақсатында атын ауыстыруды, және де оны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайластырып, атауын «Білім инновация лицейі» деп өзгерту туралы бастама көтеріп отыр»,-деп хабарланған қордың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.